Smarttop.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ЖАС ҰЛАН” МЕКТЕБІНЕ 40 ЖЫЛ

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің құрылғанына 40 жыл толды. Соғыс жылдарында өшпес ерлік пен қайтпас қайсарлықтың үлгі­сін көрсеткен қазақ батыры, Орталық Азиядан шық­қан тұңғыш генерал Сабыр Рақы­мовтың аты берілген мектепті биыл 198 түлек бітірді. Мектеп — мақсаты, білімі терең, дайындығы мықты, шыңдал­ған, әскери қару-жарақты шебер меңгерген, Отанын, мемлекет мүд­десін қорғай алатын аза­­мат­тар даярлап келеді. Қырық жыл ішінде мектеп түлектері қатарынан 6 бірдей генерал, бірнеше қоғам қайраткері, көптеген биік лауазым иелері шығып, мектептің мәртебесін көтеріп жүр.
Білім ордасы атаулы күнге ерекше дайындалыпты. Іс-шараға Елордамыздан, алыс-жақын шетелдерден мектептің түлектері мен қонақтары бас қосып, ыстық лебіздерін білдірді. Салтанатты іс-шараға сондай-ақ, Қорғаныс Министрлігінің орынбасарлары, генералдар, ҚР Қарулы Күштер ардагерлер төрағасы, «Жас сарбаз» патриоттық клубы қатысты. Салтанатты жиын Астана алаңында жас түлектерге аттестат тапсыру рәсімімен басталып, Түркістан сарайында мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» әскери мектебі — еліміздегі санаулы 4 әскери мектептің бірі. Мұнда 280 бозбала әскери бағытта тәрбиеленуде.

Бұл мектептің тәрбиеленушілері республикалық масштабтағы талай сында топ жарып, облыстағы ауқымды шаралардың барлығына дерлік атсалысады.

Мектеп тікелей ҚР Қорғаныс Министрлігіне қарайды. Әскери мектептің оқушылары Министрлік тарапынан бекітілген бағдарлама негізінде тәрбиеленеді. Оқу кестесі таңғы 7:00 мен түнгі 22:00-ге дейінгі аралықты қамтиды.

Ұлағат ұйымын мерейтоймен құттықтай келген ақын, сазгер Әкім Ысқақ мектеп түлектеріне өсиетін айтып, өзінің “Темір генерал” кітабының тұсауын генералдарға кестірді.
“Шымкент келбеті”

Ұқсас ақпараттар

11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭНЕРГИЯ КӨЗІН АЛУ ЖОБАСЫН ЖАСАДЫ

smarttop

Полицейлер тұрғынның 800 келіден астам етін сатып алып, ақшасын бермей қойған алаяқты ұстады

smarttop

ЖАНУАРЛАРДЫ АУЛАУ: ТҰРҒЫНДАРДАН КЕЛГЕН ӨТІНІШТЕР 100 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру