22.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЕМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында №13 қалалық емхана қызметкерлерімен кездесті. Мәжіліс депутаты медицина мекемесінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, қызметкерлердің ұсыныстарын тыңдады. №13 қалалық емханада бүгінде 45 мың тұрғын тіркелген.
Таңсәуле Ғабдыманапұлы медициналық қызметтің сапасын жақсарту бағытында мамандармен әңгімелесіп, ұсыныстарды тыңдады. МӘМС жүйесі, онкологиялық аурулардың алдын-алу, қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі өзекті екенін атап өтті.Аталмыш орталық қызметінің негізгі бағыты жүкті, босануға дейінгі және босанған әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмек және жаңа туған нәрестелерге неонаталдық көмек көрсету. Перзентханада тәулігіне 40 әйелге дейін перзент дүниеге алып келеді.

Бүгінде стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қалалық перзентхананың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, қызмет көрсету сапасы артқан. Кездесу соңында медицина қызметкерлері халық қалаулысына бірнеше ұсыныс-тілек айтты. Мәселен, перзентханадағы асхана мәселесі, кір жуу бөлмесінің қажеттілігін алға тартып, бактериологиялық зертхана мен орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімінің салынуына ықпал етуін сұрады.

– Медицина саласы әрдайым серпілісті, жаңа өзгерістерді қажет етеді. Парламент қабырғасында депутаттық сауалдардың жартысы медицина саласына қатысты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде көтерілген мәселелер шешімін тауып жатыр. Заң шеңберінде қарастырамыз. Жалпы бүгінде онкологиялық аурулардың алдын алуға, медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасына мән беру керек. Мамандардың жұмысқа деген құштарлығы болуы қажет, – деді Мәжіліс депутаты.
Қазіргі таңда емханаға 650 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Кездесуде қызметкерлер ендігі ретте ғимаратқа лифт орнату қажет деген мәселені жеткізді. Сондай-ақ, компьютерлік томография құрылғысы тапшы екені айтылды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «АРНОЛЬДО КИАРИ» СИНДРОМЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШ РЕТ ОТА ЖАСАЛДЫ

smarttop

«Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы

smarttop

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру