Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас ақындармен кездесу өтті.
Кездесудің басты қонақтары «Жүрегіммен жеткізе алсам…» кітабының авторы Ұлбосын Намазбай және жас ақын Яхуда Аружан.
Кездесудің басты мақсаты: Жас ақындарды таныстыру, жастардың өнерге, мәдениетке, шығармашылыққа қызығушылықтарын арттыру, шығармаларын кең түрде насихаттау, ақындық өнерлерін жетілдіру.
Сұхбат барысында жас ақындар өнерге қалай келгені туралы әрі түрлі жанрдағы авторлық өлеңдерін паш етумен қатар, өмірбаянымен, шығармашылығын таныстырып өтті.
Сондай-ақ жастарға патриоттық өлеңдерімен жігер беріп, ақындық өнерге қызығушылықтарын арттырды.
Сонымен қатар, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығармашыл ақын Ибраһим Жолдасовпен кездесу өтті.
Кездесуде қоғам тұрақтылығын сақтау мен жас буынның тәлiм-тәрбиесiне назар аудару, жастардың әскери борышты өтеуі сынды маңызды мәселелер ортағы салынып, біршама ұсыныстар да айтылды.
Кездесу соңында, тұрғындар ел бірлігін арттыру жөніндегі бастамаларға белсене қатысуға дайын екендіктерін жеткізіп, халық пен билік арасындағы өзара әрекеттестікті қолдайтындықтарын жеткізді.
Мақсаты: Жастарды ақынның шығармашылығымен таныстырып, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу және ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Кездесу барысында ақын өзінің алғашқы шығармалары туралы қызығушылығы жайлы әңгіме қозғады. Қазығұрт ауданының тумасы қазірде осы қалада тұрады. Кездесуде ең алғашқы жазуларының бірі Қазығұрт ауыл жайлы болған. Қазіргі таңда табиғатқа байланысты туындысын жазуда.