9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 300 ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ АРҚЫЛЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

🔷 Жергілікті бюджеттен ипотекалық негізде тұрғын үй сатып алушыларға жалпы сомасы 300 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаты беріледі. Әзірге сертификатқа өтінімдер қабылдау басталған жоқ. Хабарландыру қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала жарияланатын болады.

🔷 Тұрғын үй сертификаты мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде банктің ипотекалық қарыз шартын мақұлдау хатын алған соң беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

Тұрғын үй сертификаты — бұл азаматтарға ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін берілетін ақшалай төлем түрі.

Сертификат Ұлттық банк немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекіткен ипотекалық бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі.Тұрғын үй сертификатының сомасы қарыз сомасының 10% мөлшерінде айқындалады, бірақ бір млн. теңгеден аспайды.Сертификат алу үшін «Отбасы банкінде» төлем қабілеттілігін алдын ала бағалаудан өтіп, тұрғын үй қарызын беруге мақұлдау алу қажет.

🔷 Бұдан бөлек жыл басынан бері 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап азаматтардан құжаттар қабылданып, 218 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген болатын. Бұл қолдауды 76
1,2 топ мүгедектігі бар азамат, 16 толық емес отбасы, ерекше бала асыраушы 49 отбасы, бюджеттік мекемелердің 40 қызметкері, 30 көпбалалы отбасы, 7 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар иеленді.

🔷 Айта кету керек, 2023 жылы қайтарымсыз негізде 148 отбасы тұрғын үй сертифаттары арқылы ипотекалық баспанаға қол жеткізген болатын.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

“SHYMKENT FEST” ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН РЕЗЕҢКЕ ЖАБЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ

smarttop

«ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫНДА ӘКІММЕН КЕЗДЕСУ

smarttop

Пікір қалдыру