16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ГҮЛЗАРЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Асқаров көшесі мен Республика даңғылы қиылысындағы «Madlen» кондитерлік кофеханасы жанында жаңа гүлзар ашылды. Қаланы аралау барысында жалпы ауданы шамамен 4000 шаршы метрді құрайтын сквердің ашылуына қатыстым. Жаңа қоғамдық орында субұрқақ пен орындықтар қойылып, толық жарықтандырылды. Алдағы уақытта қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық аспан астындағы кинотеатр да іске қосылады.
Сонымен қатар, Тұран ауданы, Айқап көшесіндегі жаңартылған балалар ойын алаңын араладым. Жыл басында халықпен кездесу барысында тұрғындар алаңды жаңғырту туралы өтініш білдірген болатын. Халықтың пікірі назардан тыс қалмады. Айта кетейік, мұндағы жұмыс демеушілер қаражаты есебінен жүргізілді.
Бұдан бөлек, “Достық” шағынауданы, Сыпыра жырау көшесінің тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында табиғи газбен қамту, кәріз, жол төсеу және жарықтандыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Қала тұрғындарына инфрақұрылымдық проблемалардың барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін түсіндірдім.
Сондай-ақ, “Мәртөбе” кешенінің санитарлық жағдайын, “Өтеміс” және “Сайрам” тұрғын алабындағы мәдениет үйінің және “Шапырашты” тұрғын алабындағы спорт кешенінің құрылыс барысын бақыладым.
“Ордабасы” алаңында қайта жөндеуден өткен субұрқақтың іске қосылу шарасына да қатыстым. Жаңартылған субұрқақ-мегаполисті абаттандыруға бағытталған тағы бір қадам деуге болады. Жұмыс нәтижесін зерделей келе, мердігер ұйым өкілдеріне анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою тапсырылды.
Одан әрі “Қошқар ата” өзені жағалауының санитарлық жағдайын тексердім. Жауапты тұлғаларға аумақтың жабық бөлігін ашып, орындықтар мен бейнебақылау камераларын орнатуды және жарықтандыруды тапсырдым.
Аралау барысында Қабанбай батыр даңғылы, “Тәуелсіздік” саябағы, “Спутник” гүлзары, Түркістан және Арбат көшелерінің тазалығын да тексердім. Салалық басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктедім.

Ұқсас ақпараттар

ЕГЕМЕНДІК ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ КОЛЛЕКТОР АПАТЫНАН БАСПАНАСЫ ЗАРДАП ШЕККЕН ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

smarttop

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: БІРІНШІ ЛЕКТЕ 115 ШЫМКЕНТТІК БИЗНЕС-ЖОБАСЫНА ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру