16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛАДА ИМПОРТ АЛМАСТЫРАТЫН ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

Қалада импорт алмастыратын жобаларды жүзеге асыратын инвесторларға қолдау көрсетуге айтарлықтай назар аударылуда. Олардың ішінде:

  1. «SAN GRAND» ЖШС — Балаларға арналған жөргектер өндіру зауыты. Жобаны «Жұлдыз» индустриялық аймағында 2023-2025 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда. Инвестиция көлемі 13 млрд. теңге.

Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері – Ресейден, Түркиядан және Қытайдан импортталатын ұқсас өнімдерді сатумен айналысатын компаниялар болып табылады.

  1. «Казхимпром РЕАГЕНТ» ЖШС «Оңтүстік» АЭА аумағында ион алмасу шайырын өндіру жөніндегі жобаны іске асыруда. Іске асыру
    мерзімі – 2024 жыл.

Өндірісті құру өндірістік қуаты жылына 5000 тонна құрайтын зауыт салуды қамтиды, бұл елдегі ион алмасу шайырының қажеттілігін
100% жабады, сонымен қатар жақын шетелге экспорттау мүмкіндігін білдіреді. Жобаға 80 жұмыс орнын құрумен 400 млн. теңге тартылды.

  1. «АЛМЭКС Полимер» ЖШС «Оңтүстік» АЭА аумағында ұнтақталған полипропилен өндіру жобасын іске асыруда. Жобаның инвестициялық құны 38 млрд. теңге, 100-ден аса жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарлануда. Іске асыру мерзімі – 2026 жыл.

Бүгінгі күні полипропилен, полиэтилен, полиэтилентерефталат, поливинилхлорид, полистирол, бутадиен елімізге импортталады. Полипропилен өндірісі оның физика-химиялық қасиеттері мен өңдеу ыңғайлылығына байланысты машина жасау, құрылыс, электроника және электротехника тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Аталған жобаның іске асырылуы полимерді пайдалану технологияның өзгеруіне оңай бейімделуіне мүмкіндік береді, материалды өңдеу оңай, ал дайын өнімді шығару жылдамдығы артады.

  1. «FARAB Construction.M» ЖШС — Ағынды суларды тазарту және сорғылауға арналған жабдықтар шығаратын зауыт салу. Жобаны «Жұлдыз» индустриялық аймағында 2023-2025 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаламыздағы аналогы жоқ жобаның инвестиция көлемі 1 млрд. теңгені құрайды. Компания болашақта өнімдерін таяу шет елдерге (Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан) экспорттау перспективасын қарастырады.

Жоғарыда аталған жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізу, проблемалық мәселелерін шешу бойынша, қаланың жалпы инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі штаб – инвесторларды мемлекеттік қолдау арқылы ынталандыру, қала аумағында жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту мен жаңарту, жаңа өндіріс алаңдарын құру, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы проблемалық мәселелерді шешуді жеделдетуге ықпалын тигізуде.

Ұқсас ақпараттар

Қылмыстар саны көбеюде

smarttop

БӘЙДІБЕК БИ & АРҒЫНБЕКОВ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙЫРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру