Қалада индустриялық аймақтардың болуы және жаңадан ашылуы экономикалық өсудің қазіргі заманғы құралдарының бірі ретінде қолайлы инвестициялық климат және салықтық преференциялар жолымен өңірдің әлеуетін едәуір арттырады, бұл отандық және шетелдік инвесторларды тартады.
Қаланың 2024-2028 жылдарға арналған дамуы Қазақстан Республикасының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы 2028 жылға айқындалған индикаторларға қол жеткізуге септігін тигізеді.
Жалпы өңірлік өнімнің орташа жылдық өсімі 4,0% — ды құрайды.
ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіптің орташа жылдық өсімі 3,7%,
сауда – 5,2%, көлік және қоймалау – 4,6%, ақпарат және байланыс – 3,2%-ды құрайды деп күтілуде.
Қалада қабылданатын жұмыспен қамту шаралары жұмыссыздық деңгейін барынша төмендетуге ықпал ететін болады. Жаңа өндірістер ашумен жұмыс орындарын құру, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын төмендету арқылы жұмыспен қамтылған халықтың көбеюі күтілуде. Осылайша, 2028 жылға табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен халықтың үлесі 5,9 пайызға, жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайызға төмендету көзделуде.
Экономика дамитын болса, бюджеттің кірістері де артатыны айтпаса да түсінікті. Бұл бойынша үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджеттің болжамы да жасалаған.
2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті кірістерінің болжамы Салық кодексінің ережелерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық көрсеткіштер болжамы негізінде есептелген.
2024-2026 жылдарға арналған болжам бойынша қала бюджетінің
өзіндік кірістері:
- 2024 жыл – 303 977,9 млн. теңге.
- 2025 жыл – 319 077,8 млн.теңге.
- 2026 жыл – 331 705,1 млн.теңге.
Болжамдық жоспардың өсуін мүліктік салығы бойынша салық базасының өсуі есебінен, жаңа коммерциялық нысандарды пайдалануға беру және жалақы қорының ұлғаю есебінен, жұмыс істеп тұрған коммерциялық нысандарды қайта бағалау есебінен, акцизделетін өнімнің өндірістік бағдарламасын ұлғайту есебінен, сондай-ақ, түсімнің басқа көздерін әкімшілендіру бойынша жұмыстарды жүргізу есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Экономикадағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен шаралар қабылданатын болады.
Бұл ретте қаланың 5 ауданының дербес бюджеттері жоқтығын, осылайша Шымкент қаласының бюджетаралық қатынастары тек республикалық бюджет пен қала бюджеті арасында ғана құрылатынын естеріңізге сала кетейік.