0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

2024 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫ БОЙЫНША «Е-ӨТІНІШ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 1400-ДЕН АСА ӨТІНІШ ҚАРАЛҒАН

«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түскен азаматтардың барлық өтініштері қабылданады, мерзімінде Заңға сәйкес жауап беріледі және қатаң бақылауда тұр. 2024 жылдың 6 айы бойынша 1419 жолданым түскен, 1243 өтініш жабылған, 130 өтініш басқа органдарға қарау үшін жолданған, 110 өтініш қаралуда.
Құқық қорғау органдарынан келген хаттар бойынша тиісті шаралар қабылдануда және де қажет болған жағдайда Департамент қызметкерлерімен жиналыс өткізіліп, заңдылықты бұзушылыққа жол бермеу мәселелері талқыланып, хаттама түзілуде.
2024 жылы Прокуратурадан 3 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну, Шымкент қаласының тексеру комиссиясынан 11 әкімшілік шара көру жөніндегі хаттар, басқа да органдардан 34 әкімшілік шара көру жөніндегі хаттар келген. Департаментпен 6 айдың қорытындысы бойынша 497 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 46 499 420 теңге бюджетке айыппұл төленген.

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша Департамент басшылығы апта сайынғы кеңестер өткізеді, сондай-ақ жұртшылық үшін «жариялылық» стандартын іске асыру мақсатында аудит материалдары БАҚ-та жарияланған.
Сондай ақ Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 20 іс-шара өткізіліп, кеңінен таратылған. Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит Қағидаларының 31-тармағына сәйкес департамент басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкіл аудитке шықпас бұрын аудиторлармен техникалық оқу (нұсқама) жүргізген. Атап айтқанда барлығы 81 инструктаж жүргізілген, оның ішінде қарсы тексерулерде бар.

2024 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Департаментпен барлығы 54 аудиторлық іс-шара өткізілген, оның ішінде жоспарлы -7, жоспардан тыс – 47 іс шара. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Сүлейменов Нұржан Тілеуқабылұлы баяндады.
Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 38,2 млрд теңгені құраған, жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша барлығы 31,6 млрд теңге бұзушылықтар анықталған. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 292,7 млн теңге бюджетке өтелуге жатады, ал 19,7 млрд теңгесі қалпына келтіруге жатады.
Қабылданған шаралармен бұзушылықтардың сомасынан 39,2 млн. теңге бюджетке өтелді, 19,5 млрд теңге қалпына келтірілген.
Бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша 44 аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілген.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

Солдаты приняли присягу в Шымкенте

smarttop

«ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру