0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АЛИМЕНТ БОЙЫНША ЗАҢНАМАМЕН БЕЛГІЛЕНГЕН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРУ АМАЛДАРЫН УАҚЫТЫЛЫ ҚОЛДАНБАЙТЫН СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙТІЛГЕН

Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақтылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет деді, Мирзалиев Бауыржан.
Айтуынша, Прокуратура органдары тарапынан сот орындаушылардың алимент өндіру туралы атқарушылық өндірістері бойынша қабылдаған шараларының толықтығына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы Шымкент қаласының Жеке сот орындаушылар палатасы прокурорлардың 10 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуды қараған.
Нәтижесінде 58 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, прокуратура тарапынан анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде 418 млн. теңге алимент берешегі өндірілген.

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ МЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕСІНДЕ 241 АЛИМЕНТ ТӨЛЕУШІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН
Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен шаралары нәтижесінде 241 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылып, алиментті жалақаларынан өндіруге мүмкіндік пайда болған.
Өкінішке орай, кейбір азаматтар ұсынылған жұмысқа тұрмай, алиментті төлеуден жалтаруды жалғастырған фактілері де орын алған.
Бұл ретте қала прокуратурасының үйлестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Шымкент қаласының Полиция департаменті, Әділет департаменті және Жеке сот орындаушылар палатасы арасында борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту меморандумы бекітілген.
Нәтижесінде жыл басынан жалпы 15 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 11 борышкерге қатысты сот үкімдері шығып бас бостандығын 1 жылға дейін шектеу түріндегі жазаға тартылған. 2 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты өндірістен тоқтатылса 2 іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қаламызда алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер саны азаймауда, бүгінгі күнде осындай әкелердің саны 2913-ке жетіп олардың алимент берешегі 3 млрд. 807 млн. теңгегі құраған. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеудің негізгі себептерінің бірі — борышкердің тұрақты ресми табыс көздерінің болмауынан және тұрғылықты мекенжайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы.
Сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес 624 алимент борышкерлеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқтылған.
Прокуратура тарапынан іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған атқарушылық өндірістер бойынша полиция органдары қандай шаралар қабылдағаны зерделенуде.
Одан бөлек, сот орындаушыларының ұсыныстары негізінде 147 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде сот қаулысымен 92 борышкерге 5 тәулікке дейін қамаққа алу, 55 борышкерге — 5 АЕК мөлшерінде (17 250 теңге) айыппұл салынған.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

smarttop

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТІКЕЛЕЙ ТЫҢДАУ МӘСЕЛЕНІ ЖЫЛДАМ ШЕШУГЕ ЖОЛ АШАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру