1.3 C
Шымкент
Четверг, 14 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бүгінгі күнде қаламызда білім беру мен мәдениетті дамыту бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Ұлттық жоба аясында 18 мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл қала тұрғындарының болашағына жасалған инвестиция, әрбір балаға сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

2024 жылы 11 жаңа мектептің құрылысы аяқталмақ. Бұл 15 800 оқушыға сапалы білім беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ал 2025 жылы тағы 7 мектеп өз есігін ашады. Сонымен қатар, 7 жаңа білім нысанының құрылысы да жоспарланған. Бұлар – қаладағы білім беру инфрақұрылымын күшейтетін маңызды нысандар.

Қалада 5 мәдениет үйінің құрылысы да жүргізілуде. Бұл нысандар Шымкент тұрғындарына мәдени демалыс пен шығармашылықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. 2024 жылдың соңына дейін 4 күрделі жөндеу нысаны пайдалануға берілмек. Бұл біздің қаланың білім беру және мәдениет саласындағы сапалы өзгерістерге деген адалдығымызды көрсетеді.

Білім – болашақтың негізі! Шымкент қаласының жаңа мектептері мен мәдениет нысандары жас ұрпақты тәрбиелеуге, олардың дамуына және қала тұрғындарының мәдени өмірін байытуға бағытталған.

Осыған орай қаламыздағы тұрғын үйлердің де сапасы бақыланып, 2024 жылдың алғашқы 6 айында қаладағы 10 382 пәтердің 198 кемшілігі анықталып, оның 188-і қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша жұмыс әлі де жалғасуда. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы өмір сүру жағдайларын сақтау мақсатында жүргізілуде.

Үйлердің техникалық жағдайы басты назарда: 2021 жылдан бері 233 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 68 үй сейсмонығайтуды қажет етсе, 67 үй апатты деп танылды. Бұл үйлердің тұрғындары үшін қауіпсіздік бірінші орында, сондықтан қажетті шаралар қабылдануда.

2024 жылы анықталған кемшіліктер саны азайып келеді. Бұл құрылыс сапасының жақсарып жатқанын көрсетеді. Мердігер мекемелер кепілдік мерзімінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша белсенді жұмыс істеуде.

Шымкент қаласында тұрғын үй сапасы – басты назарда! Біз сіздің қауіпсіздігіңіз бен жайлылығыңызды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп келеміз деді, Олжас Пердебайұлы.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ СУРЕТШІ АБДУАХАТ МҰРАТБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

smarttop

«ЕРКІН ТАҢДАУ» ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ОРЫН АЛҒАН ЖАРЫЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру