-6.7 C
Шымкент
Четверг, 14 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында полиция жыл басынан бері 3,5 мың доза синтетикалық есірткі тәркіледі

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 629 деректі анықтады. Оның 259-ы қылмыс, 370-і теріс қылық. Ал есірткі сату бойынша 35, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз егу бойынша 67, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 10 жайт тіркелді. Жедел шаралардың нәтижесінде 1 есірткі лабораториясының жұмысына тосқауыл қойылды. Мәселен «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тас жолы бойында Форд автокөлігі тоқтатылып, Шымкент қаласының тұрғынынан 79 келі кептірілген марихуана тәркіленіп, күдікті қамауға алынды.
Сайрам ауданы көшелерінің бірінде «Скутер» тізгіндеген жас жігіт күдікке ілініп, оны тексеру барысында 368 доза мефедрон, 50 доза скорость, синтетикалық есірткі заты және 1 грамнан асатын героин тәркіленді. Шымкенттік тұрғын қамауға алынды. Түркістан қаласы «Самара-Шымкент» тас жолы бойындағы жанармай құю бекетінде «Ваз приора» автокөлігі тоқтатылып, Шымкент қаласының тұрғынынан 300 грамм мефедрон синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Тексеру барысында күдікті Шымкент қаласында пәтер жалдап, синтетикалық есірткі затын қайнатып, дайындап, телеграмм желісі арқылы жасырын қойып сатумен айналысатындығы анықталды.
Ал Түлкібас ауданы тұрғынының ауласынан 1375 түп марихуана есірткісі тәркіленді. Заңмен тыйым салынған өсімдікті күтіп-баптап еккен тұрғынға заңға сәйкес тергеу шаралары жүргізілуде.
Жалпы заңсыз айналымнан 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі заты тәркіленді.
Сонымен қатар есірткі жарнамалау, графити жазулары бойынша 8 дерек тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Есірткі жарнамалаушы 94 ақпараттық сайт анықталып, ішкі істер министрлігінің «Киберқадағалау» сараптамасына жолданып, бұғатталды. Оған қоса «Қарасора» іс-шарасы кезінде ҚР ІІМ-нің тікұшағымен есірткі алқаптарын анықтау мақсатында облыс аумағында әуемен барлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 63 дерек анықталып, тергеу шаралары атқарылуда. Осы ретте полиция профилактикаға баса назар аударып келеді. Мәселен жыл басынан бері нашақорлыққа және есірткіге қарсы 45 мыңнан астам мектеп оқушысы, студенттер және жергілікті тұрғындардың қатысуымен 295 іс-шара өткізді. «Халықаралық есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында бір ай бойына түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Полицияның бастамасымен «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» атты форум Түркістан облысының барлық аудан, қаласында өтті. Бұл шаралардың басты мақсаты-жастарға есірткі мен нашақорлықтан аулақ болу және есірткі қылмыстары бойынша заң алдындағы жауапкершілік туралы құқықтық кеңес беру. Осы бағытта полицейлер оқушылардың жазғы демалыс мезгілінде лагерьлерден табылды. Онда жасөспірімдер арасында бірқатар жарыс ойындарын ұйымдастырып, жеңімпаздарға облыстың бас полицейі Мұрат Қабденовтың «Алғыс хаты» мен бағалы сыйлықтарын табыстады. Одан бөлек халық көп шоғырланатын автовокзал, теміржол вокзалы, дәріханалар, ойын-сауық орталықтарында түсіндірме, ескертпе жұмыстары ұдайы жүргізіліп, халыққа жаднама таратылды.

Ұқсас ақпараттар

АКИМ ГОРОДА ПРОВЁЛ ВЫЕЗДНУЮ ВСТРЕЧУ С ЖИТЕЛЯМИ ЕНБЕКШИНСКОГО РАЙОНА

smarttop

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бірқатар жаңа міндеттер белгіледі

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру