1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

СОТ ШЕШІМІМЕН ШЫМКЕНТ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА САПАСЫЗ ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНГЕН

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында көптеген талап-арыздар бойынша сот отырыстарына қатысты. Нәтижесінде бірнеше жағдай бойынша тұтынушылардың құқықтары қалпына келтіріліп, сот оң шешім шығарды, ал жалпы сомасы 2 774 750 теңге тұтынушыларға қайтарылды.

Сот шешімімен қанағаттандырылған негізгі істер:

  1. «Орынбасар-Сұлтан» ЖШС қызметі бойынша – департамент сотқа тұтынушылар тобының атынан талап-арыз беріп, 115 000 теңге сомасында өтемақы қайтарылды.
  2. «SC CRAND» ЖШС қызметі бойынша – тұтынушылар тобының арызы бойынша сот шешімімен 165 000 теңге қайтарылды.
  3. ЖК «Samurug Grup» және С.К. Алтынбекова арасындағы іс – сапасыз аяқ массажы құрылғысы үшін 343 000 теңге қайтарылды.
  4. «Компания Эврика» ЖШС және В.В. Марков арасындағы іс – жарамсыз теледидар үшін 375 000 теңге өтемақы төленді.
  5. «Белый Ветер» ЖШС-мен болған дау – сапасыз компьютер үшін 506 750 теңге, моральдық залал үшін 50 000 теңге, және өкілдік шығындар үшін 150 000 теңге қайтарылды және т.б.

Бұл істерде Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті белсенді түрде тұтынушылар құқығын қорғап, тұтынушылардың материалдық шығындарын қайтаруға елеулі үлес қосты.

2024 жылдың алғашқы 9 айында Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 4069 ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді. Оның ішінде БАҚ-та сөз сөйлеулер саны – 161, жарияланымдар саны – 254. Әлеуметтік желілерде де белсенділік жоғары болды: Инстаграмда 1818, Фейсбукта 1817 жазба жарияланып, жалпы саны 3635-ке жетті. Бұдан бөлек, тұрғындар мен кәсіпкерлерге түсіндіру мақсатында 19 брифинг өткізілді.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 250 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

smarttop

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІНЕН 458 АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

smarttop

13 ТҰРҒЫН АЛАПТЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ҮШІН ЖСҚ ӘЗІРЛЕНЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру