Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНА 150-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ КЕЛДІ

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Шымкентте қала әкімінің шешімімен азаматтарды жеке мәселелері бойынша «Бірыңғай қабылдау күндері» басталған болатын.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов, жеке мәселелері бойынша 150 ден астам қала тұрғынын қабылдады. Іс-шараға қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, аудан әкімдері мен барлық басқарма басшылары қатысты.

Қоғамдық қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй кезегі, аялдама мәселесі, қоғамдық көлік мәселесі, жерін заңдастыру, жолды асфальттау, жарықтандыру тақырыптарын қозғады. Қала әкімі әрбірін мұқият тыңдап, шешім барысын түсіндірді. Ашық диалог форматында айтылған әрбір өтініш пен шағым бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Азаматтар арасында өтініш білдірушілермен қатар, шешімін тапқан мәселе бойынша алғысын айта келгендер де болды.

Бірыңғай қоғамдық қабылдау күндері жүйелі түрде жалғасатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ЕКІ БОКСШЫ АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНЕ ҚАТЫСАДЫ

smarttop

Англияға жұмысқа жіберемін деп, алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру