8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті

Мемлекет басшысы өз сөзінде Жолдауда айтылған саяси бастамаларды жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін дайындалған жобаға қоғамды саяси тұрғыдан трансформациялау жөнінде берілген барлық ұсынысты ескерудің мәні зор екеніне тоқталды.

– Шын мәнінде, бұл Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың және ықпалдастықтың, жаңа саяси мәдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшкенін білдіреді. Нақты әрі толық түсінік болу үшін осы модель мен үдерісті Екінші республика ретінде белгіледім. Жаңа парадигмаға сәйкес Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді. Азаматтардың қатысуы едәуір артып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаяды, – деді Президент.

Мемлекет басшысы сөзінің соңында аз уақытта өте көп іс бітіргені үшін Жұмыс тобының мүшелеріне ризашылығын білдірді.

– Мен бүгін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынамын. Бұл – Ата заңымыздың талабы. Конституцияға енгізілетін түзетулер Тәуелсіз Қазақстан тарихының келесі парағын ашады деп сенемін. Мұны Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Материал Борт N1 телеграм парақшасынан алынды

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДЕЙІН 6 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

БАСҚАРМА ТАРАПЫНАН 30-ДАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру