Smarttop.kz

Шымкент: Тәртіп сақшылары қаруға ұқсас зат алып жүрген азаматты анықтады

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары әкімшілік аумақты бақылау және қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдеу барысында кезекші бөлімінің «102» арнасы арқылы такси жүргізушісіне көмек керек деген шақырту келіп түскен.

Оқиға орнына шұғыл келген патрульдік полиция полкінің 8-рота инспекторлары белгісіз тұлға қаруға ұқсас затпен такси жүргізушісін қорқытқанын  анықтады.

Аталған азаматтан полиция қызметкерлері қаруға ұқсас затты тәркіледі. Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар береді. Қаруды қайдан алғанын анықтау мақсатында азаматты Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізген. Тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматқа қатысты құқықтық баға берілетін болады.

Айта өтетін ақпарат, қала аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ТАРТУ ЕТІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН КӨШ БАСТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ ҚАДАҒАЛАУЫНДА

smarttop

Пікір қалдыру