21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ 71% ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА

Былтыр Түркістан облысында егіс көлемі 845 мың гектарды құраса, биыл 3 мың гектарға артпақ. Нәтижесінде жалпы егістік 848 мың гектарға жететін болады. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.
«Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тапшылығын тудырмау мақсатында картоп 8,5 мың гектарға, пияз 2 мың гектарға және сәбіз 2 мың гектарға егілуде. Облыстағы жылыжайлардың жалпы көлемі 1 467 гектарды құрап, республикадағы жылыжай аумағының 71% иемденуде. Егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету үшін 52 шақырым каналды бетондау, 241 шақырым каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді»- деді Нұрбек Бақтыбайұлы.
Биылғы жылы мал азықтық қорды қамтамасыз ету толықтай бақылауда. Мыңға жуық агроқұрылымға 1 000 гектар жайылымдық жер және шөп оруға шабындық жерлерді беру жоспарлануда. Оған қоса «Азық түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ арқылы өңірге 34 мың тонна бидайды жеткізу көзделуде. Одан өндірілетін 9 мың тонна кебек агроқұрылымдарға арзандатылған бағада (65 теңге) сатылмақ.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАН АУДАНЫНДА 8 ШАҚЫРЫМ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНУДА

smarttop

Шымкентте «Shymkent Hub» ашылды

smarttop

ТҮРКІСТАНДА НОТАРИАТТЫҚ ПАЛАТА МЕН АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ҒИМАРАТЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру