9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында Жедел басқару орталығының камералары арқылы жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген 8, іздеуде жүрген 2 көлік анықталған

Түркістан облысы құрылған кезден бастап, киелі өңірде біршама жұмыстар атқарылып келеді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол ережелерінің сақталуы, жол-көлік апаттарының алдын алу бағытында соңғы үлгідегі бейнебақылау камералары орнатылып, тиісті жұмыстар жасалуда. Аталған бейнебақылау камералары Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Мұнда тәулік бойы қызметте отырған полицейлер орын алған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауда үлкен септігін тигізіп келеді. Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен 2022 жылдың 3 айында Түркістан қаласында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы: жалған мемлекеттік нөмерлерді тағу бойынша 8 дерек, мемлекеттік нөмерсіз жүру 15 дерек, күңгірттеу бойынша 12 дерек және іздеуде жүрген – 2 жеңіл автокөлік анықталып, ұсталды. Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ға сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мәселен, 07.03.2022 жылы Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Әйелдің айтуынша, ол көлік жөндеу орнына «Merсedes-Benz-280» маркалы автокөлігін қалдырған. Алайда бірер күннен кейін келгенде, көлігі рұқсатсыз айдалып, онымен қоймай жол апатынан зақым келген. Аталған хабарлама бойынша түркістандық тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден шығып, мән-жайды анықтады.
Жедел-іздестіру шараларының барысында, Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы аталған автокөлікті кім айдағаны анықталып, күдікті ретінде көлік жөндеу орталығының жұмысшыны анықталып, ұсталды. Сондай-ақ оның көлікті мас халде басқарып, жол апатына түскені белгілі болды. Осы жағдайда жүргізуші көлікті мас халде басқарғаны бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Сондай-ақ 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Ал өзгенің көлігін рұқсатсыз мініп кеткені бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен «Автомобильді н/е өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы орайда төмендегі бейнероликтен полицейлердің көлік ұрлануына қатысты келіп түскен арыз-шағымдар бойынша іс-әрекетінің бір сыпырасы көрсетілген.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЕКІ НЫСАН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

smarttop

Тұрғынның қойларын талан-таражға салған қойшы ұсталды

smarttop

ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ БАЗАРДА 400 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру