18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

№72 автобус жүргізушісі ара шағуының салдарынан жүрегі қысылған

Бүгін қаламызда №72 автобус жүргізушісі, жолаушылар тасымалы кезінде, ара шағуының салдарынан жүрегі қысылып, жол жиегіндегі кедергіге соғысқан болатын.

Аталған оқиға 22 сәуір күні, сағат 10:30 шамасында, Т.Рысқұлов – Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында ТТК (Түркістан транспорттық компания) мекемесіне қарасты 72 бағыттағы жолаушылар көлігі жол жиегіндегі кедергіге(бордюр) соқтығысқан. Жауапты сала өкілдері шұғыл оқиғаның мән-жайын анықтады. Нақтырағы, 72 бағыттағы автобус жүргізушісін сол сәтте ара шағып, аталған азамат уақытша есінен танып, рульге ие бола алмаған. Бұл оқиғадан автобус салонындағы жолаушылар зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ, жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛІМІЗГЕ ТАНЫМАЛ ЖҰЛДЫЗДАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТЕДІ

smarttop

МАҚСАТ – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН ДӘРІПТЕУ

smarttop

Сайрамдық сақшылар жүк тасымалдау және жол қозғалысы ережесін сақтау мақсатында рейд жүргізуде

smarttop

Пікір қалдыру