ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевқа!
Әлеуметтік желіде Шымкенттік шенеуніктер баспана мұқтаждығында ма? Неге мемлекеттік бағдарламада шенділер қаптап жүр деген сарынды сындар жазылуда. Иә, аудан әкімдерінің, аппарат қызметкерлері мен басқарма басшысы мен қызметкерлерінің құқы неге шектеліп, баспаналы болмасқа? Жалпы 12 000 тізімде құжат тапсырса, екінші кезекте жасақталған комиссия мүшелері құжаттардың кем кетігі мен дұрыстығын тексеоеді екен. Дұрыс ақ. Алайда, заңда көрсетілгендей БАЙ МЕН КЕДЕЙ деп бөлінбеген ғой? Егерде жалақысы жетіп, құжаттары дұрыс болса неге алмасқа? Сондағы жазығы аудан әкімі болғаны ма? екінші жағынан қарасақ әкімнің баспанасы жоқ дегенге кім сенеді дейміз? Иә, сенбеспіз. Бірақ, талай жылдан бері заңда нақтыланған мемлекеттік қызметкерлер бағдарлама бойынша баспанаға құжаттар тапсыруға құқылы. Демек, заңды. Атында баспана жоқ па, дербес құқы бар ма неге сынға алуымыз керек.? Ал ендігі басты мәселеге келсек. Құжат тапсыру үшін, баспаналы болу үшін ТАМЫР ТАНЫС КЕРЕК, немесе ақшаң болсын деген «жаттанды» сөз бар. Қоғамның көзқарасы мен санасына сіңген осы қағида жатталып кеткені жасырын емес. Шымкентте ғана ма екен? Жоқ. Барлық өңірдегі жағдай. Бұл пәре дегеннің пәрмені барлық жерде бар. Ақша жүрмесе талайларды темір торға тоғытылмас еді? Ақша жүрмесе сыбайластық заңының қажеті қанша?
Шу шыққан соң шұғыл түрде баспасөз маслихаты өткізілді. Басқарма басшысы қызметінен уақытша шеттетілді. Құжат тапсырған әкімдер өз еріктерімен баспанадан бас тартыпты. Ендігі жерде заңды сұрақ туындайды… Өз құқықтарын қорғай алмаса, заңмен нақтыланған бағдарламаға қатыса алмаса ертеңгі күні мемлкеттік қызметке деген сұраныстың өшетінін ойлану керек. Сөзімді нақтылап мысалмен келтірейін:
-Мемлекеттік қызметкерлер той жиынға бара алмаса, қоғамдық ортада емін еркін жүріп отырыс жасай алмаса, мемлекеттік бағдарламаға қатыса алмаса, оның ішінде гранттар мен субсидиялар ала алмаса, тіпті, жұмыстан тыс уақыттағы жағдайларға жауап беріп отырса тағысын тағы дегендей……Тізбектесек тізімде шенділерге шектеу көп. Сонда, ертең мемлекеттік қызметке кім баласын оқытып, саналы түрде шенеунік етпек? Әрине ешкім.
Өз құқықтарын талап ете алмаған әкімдер яғни, Парманов пен Мыңбаев халықтың құқықтарын қалай шешпек? Халықтың мұң мұқтажын қалай араласып, қалай шешпек? «Өз қотырын қаси алмаған, кісінің қотырын қайтсін»? Иә, қалай десек те Президентіміз мемлекеттік қызметкерлердің жағдайын жасамаса ертең жалғыз қалмасына кім кепіл?
Журналист Нұрлан Әлімбай былай дейді:
ҮКІМЕТ ШҰҒЫЛ ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕСІН БЕ? НЕ ІСТЕСІН?
Шымкент қаласында 20 000 мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер мен мұғалімдер үй кезегінде тұр екен. Бұлар да сіздер секілді күн сайын үш мезгіл тамақ жейді. Бұлар да бала бағып, қыз өсіріп отыр.
Менің түсінбейтінім сол 20 000 адам 7-20-25 бағдарламасына қатыспауы тиіс пе? Қатысса не бопты? Талапқа сай ма? Алсын.
Әлде Үкімет бұл 20 000 адамға арнайы тұрғын үй бағдарламасын әзірлесін бе?
Біз осы бөлінгенді қашан қоямыз? Әкім де адам.
Сосын «конкурс қайта өтсін» деген пікірмен конкурстан өткен кісілер 100% келіспейді. Мысалы мен өз күшіммен өттім. Бұған дейін талай рет маңдайым тасқа тиді. Талай рет құладым. Бұл жолы зорға өттім. Мен келіспеймін. Келіспейтін Мен сияқты жоқ дегенде 900 адам бар.
Конкурстан өтпей қалған 9 адамның назын тыңдағаннан кейін, конкурстан өткен 900 адамның да назын тыңдаңыздар. Асығыс шешім қабылданбасын!
Сулеева Анаркул Амангелдіқызы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.