0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер тұрғынның қалтасынан түскен ақшаны ұрлаған күдіктіні ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне орта жастағы ер адам арызданған. Оның айтуынша, қала ішіндегі дүкендердің бірінде өзіне бейтаныс азамат қалтасынан түскен 57 000 теңгесін алып қашқанын көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алды.

Оқиғаны естіген бойда полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға тез арада келіп жетті. Күдіктіні анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктіні сол мезетте қашып бара жатқан жерінен ұстап, айғақты зат ретінде ұрланған 57 000 теңгені тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Анықталғандай жас жігіт жәбірленушінің масаң күйін пайдаланып, киімін шешкен кезінде қалтасынан түскен ақшасын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалайды. Сол кезде дүкенші ұрыны көріп қалып, айқайлаған. Осы уақытта тәжірибелі тәртіп сақшылары күдіктінің соңынан қуып ұстап үлгерген.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және өзінің заттарына қараусыз қалдырмауды ұсынады. Сондай-ақ ұрылардың назары көп түсетін қоғамдық орындарда қымбат заттар мен ұялы телефондарды көрсетпеу керек. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда дереу полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

Шымкент қаласының маңындағы аудандардағы инфрақұрылым

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР: «ҚТЖ» ФИЛИАЛЫ МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТУЛЕР ЖАСАЛДЫ

smarttop

ТҰРҒЫНДАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру