19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

АРҒЫМАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА СУ ҚОСУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Арғымақ шағынауданындағы инфрақұрлым жұмыстарының барысын тексерді. Шағынауданда қазір 200-ден астам халық қоныстанған. Инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы рет-ретімен атқарылуда.

Арғымақ елдімекені мемлекеттік жүйедегі электр қуатымен толық қамтылған. Көгілдір отын жеткізу жұмыстары жүруде, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Қазіргі сәтте ауызсумен қамту жұмысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Елді мекенде жалпы 80 жеке тұрғын үй бар. Нысанның қуаттылығы 405 үйге тіршілік нәрін жеткізуге қауқарлы. 2021 жылы басталған жоба барысында ұзындығы 6 800 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, тұрғын үйлерге қосу жұмысы жүргізілуде. Қалған бос жер телімдеріне су жүйесі тартылған, керек болғанда қосу мүмкіндігі бар.

Бүгінде қалада ауыз су бойынша барлығы 7 нысанның құрылысы жүруде. 2022 жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елді мекенінде құрылыс аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетпек.

Ұқсас ақпараттар

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРДЕН ХАБАРДАР ЕТТІ

smarttop

Полиция департаменті бастығының орынбасары Қ.Сахов Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында маңызды жиналыс өткізді

smarttop

КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАЛАРЫНА АЯҚЖОЛ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

smarttop

Пікір қалдыру