21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

«КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ» ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Шымкентте «Көрме орталығы» қайта ашылды. Қаладағы көрмелерді көрсету орталығы  ұйымдастырылады. Олар ауыл шаруашылығының маңызды ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері мен жеке салаларына арналады. Мәдениет саласының ардагері К.Айдарбекова мен Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы А.Насыр салтанатты түрде ғимараттың лентасын қиып, жиылған көпшілік «Әжелер ансамблінің» шашуымен нысанның ішіне енді.
«Шымкент өркениеті» салтанатты жиынының аясында роботтар көрмесі ұйымдастырылып, оның бастамашысы Д.Фалин, «Көрме орталығының» директоры З.Қарабекова құттықтау сөз сөйледі.
— Біз еліміздегі жаңа технология мен робот құрастыру саласын танытуға атсалысып келеміз.Жаңарған және дамыған қаланың ішінде  өскелең ұрпақтың инженерлік мамандықтарға, ғылымға деген қызығушылығын оятып, өнертапқыштық қасиетін дамытсақ дейміз. Ал, осындай жұмысты халыққа паш етуде «Көрме орталығының» орны ерекше. Қайта жанданып, көрермендердің жиналып жатқанына қуаныштымыз, — деді Д.Фалин.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме 21 шілдеден 11 қыркүйекке дейін жалғасады. Көрермендер роботтың 85 түрімен танысып, 7 виртуалды шындық технологиясы мен 4 техношоуды тамашалай алады. Сондай-ақ, робототехника бойынша мамандардың кеңесін алып, шеберлік сағаттарына қатыса алады. Көрмені тамашалаймын деген 14-21 жас аралығындағы жастарға әр сейсенбі сайын, ал әр сәрсенбіде зейнеткерлерге арнайы жеңілдік қарастырылған.
Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұралған бишілері мерекенің сәнін келтірді.
Айта кетейік, жыл басындағы «Қаңтар оқиғасы» кезінде «Көрме орталығының» ғимараты зардап шегіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Наблюдается неуклонный рост числа сторонников АЭС – результаты трех соцопросов

smarttop

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ МАЗМҰНЫНА КӨШУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

smarttop

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ — БАСТЫ НАЗАРДАН ҰМЫТ ҚАЛҒАН ЕМЕС

smarttop

Пікір қалдыру