28.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

Полицейлер Атырауға жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған тұрғынды ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оны сырттай танысы «Атырау облысындағы мекеменің біріне жұмысшы ретінде тұрғызып беремін», — деп сендірген. Содан тұрғыннан 150 000 теңге ақшасын алған алаяқ, жоқ болған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Нәтижесінде небәрі тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адам ұсталды. Анықталғандай, ол Атырау қаласындағы аталған мекемеде жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бүгінде алаяқтық күннен-күнге белең алып бара жатыр. Адамдар кез келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Және ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуды ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

Үй иесін 1,5 миллионға жуық қарызға отырғызып кеткен күдікті әйел анықталды

smarttop

ШЫМКЕНТ: ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ 100 ПАЙЫЗҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ

smarttop

ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАМАНАУИ ЭНДОВИДЕОХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ОРНАТЫЛУЫМЕН ЖОҒАРҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру