22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Жастар ресурстық орталығы және Шымкент қаласы бойынша КАЖ департаментыне қарасты пробация қызметкерлерінің ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған жастарға психологиялық көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараның мақсаты: пробация есебіндегі жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмысты қайталамауына септігін тигізу. Сондай-ақ спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өзіне деген сенімін арттыру болып табылады.Психологиялық кеңес — адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кенес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т.б. ескере қамтиды. Психологиялық кеңес — қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтік т.с.с. Психологиялық кеңес — психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау.Кеңес беру және алу кезінде қызметкерлердің жағдайына байланысты түсіністікпен қарауды талап етеді.
Жазасын өтеп келген жандарды қайта шалыс баспас үшін, қоғамға тез бейімделіп кету мақсатында түрлі семинар-кеңестер өткізіліп тұрады. Осы орайда Шымкент қаласы бойынша КАЖ департаменті және Шымкент қалалық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған жастарға психологиялық кәсіби консультациялық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, шара соңында азаматтар сала мамандарына сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.

Ұқсас ақпараттар

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА СОВЕРШИЛ ОБЛЕТ ПОДТОПЛЕННЫХ ТЕРРИТОРИЙ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

smarttop

Жолдаудағы өзгерістер

smarttop

«AVTOBYS» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА КӨЛІК КАРТАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру