4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістанда 40 миллионнан астам теңгенің алтын бұйымдарын жымқырған ер адам 5,5 жылға сотталды

2021 жылдың желтоқсан айында Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын келіп, белгісіз тұлғалар үйіне заңсыз терезе арқылы кіріп, алтын бұйым, бриллианттарын ұрлап, аса ірі көлемде шығын келтіргенін айтып арызданған.
Жетісай АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында, күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұдан алдында да ұрлық қылмысымен сотты болып, оған қатысты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған жас жігіт болып шықты. Алайда күдікті жазасын толық өтемеген. Сонда да өзінің соттылығына қарамастан, қайта қылмыс жасап жалпы құны 40 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды жымқырған. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.

Полицейлер анықтағандай, жас жігіт негізінен түнгі мезгілде үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғынға тиесілі үйдің ішінен алтындарды, бағалы бұйымдарды жымқырып кеткен. Ал ұрлап алған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.

Полицейлер аталған істі толығымен аяқтап, айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. Нәтижесінде сот үкімі бойынша күдіктінің алдыңғы жазасының өтелмеген бөлігі қоса есептеліп, 24 жастағы жас жігіт 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Ұқсас ақпараттар

СУ БЕРУ МАҚСАТЫНДА РЕЗЕРВУАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ТІКҰШАҚПЕН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

smarttop

Пікір қалдыру