30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 жылдығына орай, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен М.Әуезов атындағы ОҚУ жастар орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен жастар арасында «Ата заңым-айбыным» атты пікірсайысы өтті.
Мақсаты: Азаматтық жауапкершілігі зор, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру. Жастардың қоғамның өзекті мәселелерін шешудегі орны мен ролін арттыру. Жастар мен қоғам белсенділері арасында пікірсайыс алаңын құру. Жастардың пікір таласы осы ата-заң төңірегіндегі пікірлері жастар орталықтарында қаралып, ой толғау жұмыстары жүргізіліп белсенділерді анықтады.Осы үшін әрбір пікірсайысшының рейтингі, төрешелердің деңгейі көрсетілетін, ойындардың форматтары айқындалатын, елдегі болатын облыстық, республикалық пікірталас ойындарының жоспарланған кестелері жарияланып тұратын сайтты іске қосатын жеткізді.Өз ойын ашық әрі нақты жеткізе алатын, әрбір мәселені жан-жақты қарап, сыни ойлай алатын жастарды қалыптастыруға пікірталас ойындары көп әсерін тигізеді деп ойлаймын. Жобаны ұйымдастырғандағы негізгі мақсатымыз елдегі пікірталас қозғалысын қайта жандандыру, нағыз орта қалыптастыру болды.
Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өткен пікірсайыста Қазақстан Республикасының Конституциясының әр бөлімдеріне жеке тоқталып және Қазақстан жастарының басты проблемасы, жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсыну жолдары тақырыпқа негіз болды.
Пікірсайыс барысында билік тармақтарының өкілеттігінен бастап, азаматтардың құқығын қорғауға дейінгі барлық мәселелер және жастар саясаты жөнінде тұшымды ойлар айтылды. Сондай-ақ, дебат соңында ойыншылар барша көрермен жастарды елдің саяси өміріне белсене араласып, азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға өз үлестерін қосуға шақырды.