Smarttop.kz

ЖАСТАР АТА ЗАҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ ПІКІРЛЕСТІ

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 жылдығына орай, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен М.Әуезов атындағы ОҚУ жастар орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен жастар арасында «Ата заңым-айбыным» атты пікірсайысы өтті.
Мақсаты: Азаматтық жауапкершілігі зор, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру. Жастардың қоғамның өзекті мәселелерін шешудегі орны мен ролін арттыру. Жастар мен қоғам белсенділері арасында пікірсайыс алаңын құру. Жастардың пікір таласы осы ата-заң төңірегіндегі пікірлері жастар орталықтарында қаралып, ой толғау жұмыстары жүргізіліп белсенділерді анықтады.Осы үшін әрбір пікірсайысшының рей­­тингі, төрешелердің деңгейі көрсетілетін, ойындардың фор­­маттары айқындалатын, ел­­де­­гі болатын облыстық, рес­­­­­­пуб­ли­ка­лық пікірталас ойын­­да­­­ры­­­ның жоспарланған кес­те­лері жа­­­­­рияланып тұратын сайт­ты іс­ке қосатын жеткізді.Өз ойын ашық әрі нақты жеткізе алатын, әрбір мәселені жан-жақ­ты қарап, сыни ойлай алатын жастарды қалыптастыруға пі­кір­талас ойындары көп әсерін ти­гізеді деп ойлаймын. Жобаны ұйымдастырғандағы негізгі мақ­­­сатымыз елдегі пікірталас қоз­­ға­лысын қайта жандандыру, на­­­ғыз орта қалыптастыру болды.
Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өткен пікірсайыста Қазақстан Республикасының Конституциясының әр бөлімдеріне жеке тоқталып және Қазақстан жастарының басты проблемасы, жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсыну жолдары тақырыпқа негіз болды.
Пікірсайыс барысында билік тармақтарының өкілеттігінен бастап, азаматтардың құқығын қорғауға дейінгі барлық мәселелер және жастар саясаты жөнінде тұшымды ойлар айтылды. Сондай-ақ, дебат соңында ойыншылар барша көрермен жастарды елдің саяси өміріне белсене араласып, азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Ұқсас ақпараттар

Қанат Серікұлы ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 50 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ОРНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 48 АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру