16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СТОМАТАЛОГИЯЛЫҚ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Шымкентте ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылды.
Жаңадан ашылған кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді. Тіс-адам денсаулығындағы ең осалы болып келеді. Балалардың  денсаулығына байланысты көп шағымданулардың бәрі осы тіске келіп тұр. Осы себептен жаңарулар болып жатыр.Бұл аурулардың мұндай кең таралуы емдеу әдістерін жетілдіруге, стоматологиялық аурулардың пайда болуының алдын алу шараларын әзірлеуге және тіс ауруларының себептерін зерттеуге бағытталған халық денсаулығына қиындықтар туғызады. Тіс ауруларына пульпит, кариес, пародонтит жатады.Тіс аурулары, мүмкін, әлемдегі ең көп таралған адам ауруы. Статистика мәліметтері бойынша, жер тұрғындарының кем дегенде 90% тіс дәрігеріне мұқтаж. Стоматология-бұл тістердің жұмыс істеуі мен құрылымының нормасы мен патологиясын, олардың ауруларын, сондай-ақ жақ, ауыз қуысы және жақ-бет аймағының ауруларын емдеу және алдын-алу әдістерін зерттейтін ғылым. Балалардың ауыз қуысында болатын аурулардың барлығы осы желінген заттардан тудырады. Негізінен  ақ халаттылардың кабинеттерінде барлық техникалармен жабдықталған.
Асардағы балалар ауруханасында ашылған стоматалогиялық кабинетте ақ халаттылар науқастарды тегін қабылдайды. Бұл үшін жергілікті емханадан пациенттің жолдамасы қажет.
Стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар ауыз қуысына диагностикалық тексеру жүргізіліп, бір жерден ем-дом тағайындалады.
Кабинет рентген, наркоз аппараты сынды қажетті жабдықтармен қамтылған.
Шымкент қалалық клиникалық аурухана базасынан ашылған стоматалогиялық кабинет жұмыс күндері сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.
Байланыс телефоны: 8 (7252) 41-80-72.

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев:

smarttop

ШЫМКЕНТТІКТЕР МЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЕҢ ТӨМЕНГІ КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР АРТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру