Жазғы уақытта, әсіресе түнгі уақытта ауаның ластануы мерзімді түрде жағымсыз иістің пайда болуымен сезілуде. Ластау көзін анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, түнгі кезекшілік ұйымдастырылған.
Кезекшілік нәтижесімен және әлеуметтік желідегі жазбаларға байланысты Департамент тарапынан жоғарыда аталған тексерулер тағайындалып, тиісті шаралар көрілді.
Жалпы, Департамент тарапынан ластау көздерін анықтау бағытында жұмыс атқарылуда, тексеру саны, тексеру сапасының деңгейі жылдан жылға артуда.
Бей-берекет қалдық орындарын жою. 2022 жылы «Ғарыш сапары» акционерлік қоғамының ғарыштық мониторингі арқылы қала аумағында бей-берекет қоқыс үйінділерінің 45 координаттық нүктелерін анықтаған. Бүгінгі күнге аудан әкімдіктері тарапынан барлық нүктелер толық тазаланды.
Шымкент қаласының негізгі экологиялық проблемаларының бірі ол атмосфераның ластануы. Ауаны ластаушылар қала аумағында орналасқан ірі кәсіпорындар, автокөлік және қатты отында жұмыс істейтін қазандықтар болып табылады. Сондықтан қалаға ауаның ластануын көрсететін құрылғы орнатылатын болады. Осы ретте, қала әкімінің орынбасары ауаның ластануын көрсететін құрылғыны орнатуда тұрғындардың шағымын ескеру қажет екенін айтты.«Қалаға ауаның ластануын көрсететін құрылғыны орнатқандарыңыз орынды. Бірақ Қонаев даңғылына емес оны халық үнемі ауа ластанғаны туралы көп шағым айтатын аймақтарға орнату керек. Қонаев пен Тәуке хан даңғылы қаланың ең биік нүктелері, үнемі жел болып тұрады. Сондықтан ол жерге құрылғы орнату тиімсіз», — деді Е.Білісбеков.
Елді мекендерде тазалау жұмыстарын тиісті деңгейінде ұйымдастырмағаны үшін Шымкент қаласының аудандық прокуратураның ұсынысы негізінде, Департаментпен 4 аудан әкімінің жауапты орынбасары мен бөлім басшысы, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 324 бабының 1 тармағымен, яғни санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.