Цирк — ерекше талғампаздықты, ептілік пен шапшаңдықты талап ететін қиындығы мен қызығы қатар жүретін өнер! Осындай жауапкершілігі мол қызметті отбасымен бірге қолға алып, цирк өнеріне аянбай еңбек етіп жүрген Сергей Мұстафин және оның өнерлі отбасы жайында айтпақшымыз. Сергей өзінің жұбайы Гузель Зуфарқызы Мустафинамен бірге Шымкент цирк мекемесінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Өздерімен қатар ұлы Марк, қызы Сабина да цирк өнерін жетік меңгерген. Сергей акробаттар тобының жетекшісі, цирк өнеріне қызығатын жас буынды дайындайды. Сондай-ақ, жұбайы Гузель және ұлы, қызымен “иллюзионисттер” өнерін ұсынумен қатар акробатика, гимнастика, эквелибристика, фокус, иллюзия өнерін цирк сүйер көрерменге ұсынудан жалықпайды.Бұл өнерді үкімет, мәдениет министрлігі қолдауы керек. Өйткені біз жаңа, кейін пайда болып, жаһанданып жатқан өнерді дамытудамыз. Соңғы сегіз жылда елімізде иллюзионистер ұйымы тіркелді. Оның алдында тек цирк, той-томалақ секілді кішігірім өнер көрсетулер болатын. Қазіргі таңда концерт, шоу, фестиваль секілді ауқымды шараларды жүзеге асырудамыз. Болашақта еліміздің атын Батыс пен Шығысқа таныту ойымызда бар.Иллюзионисте қол ептілігі, шешендік өнер, дикция, актерлық шеберлік, шамалы психология (қалай назар аударту керек), фокуске деген сенімі болу керек (сонда ғана ол көрерменге жетеді және көрермен оған сенеді). Бүгінде қызы Сабина Қытай Халық Республикасында Чанджоу қаласында иллюзианист болып өнер көрсетсе, баласы Марк Мәскеу қаласында РУЦЭИ-де 3 курста оқу оқиды. Еңбектері еш кетпеді, Сергей Борисович 2015 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып, қазір Алматы қаласында өтетін, 15 мемлекет қатысатын сайысқа яғни, Халықаралық цирк фестиваліне дайындық үстінде. Сәттілік тілейміз! Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі