0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ — БАСТЫ НАЗАРДАН ҰМЫТ ҚАЛҒАН ЕМЕС

 

Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС ұжымымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының талқылауы болды.

Жиынды «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС бас директоры Анарбек Орман алғы сөзді Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің және қалалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевке берді. Бауыржан Ілімшеұлы Президент Жолдауында көтерілген қоғамдағы демократия, жаңа экономикалық саясат, ауыл шаруашылығының жаңа секторларын дамыту, заңнама жүйесін жаңғырту сияқты өзекті тақырыптарына тоқталды.

– Бұл Жолдау Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша биылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумның жалғасы іспетті болды. Ол саяси оқиғаның алдында өте ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Ата Заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде жаңа мемлекеттік басқару моделіне, билік пен қоғамның өзара байланысының жаңа форматына ауысы басталды. Мемлекет басшысының Жолдауында, сонымен қатар, заң мен тәртіп, басқару жүйесін қайта құру, сот жүйесінің реформасы секілді тақырыптар көтерілді. Себебі, ескі жүйенің мерзімі өтті, қазіргі таңдағы қолданысқа сай емес. Сол үшін халық арасында үнемі ақпараттық-насихат жұмысы жүргізілуі керек. Көбісі Жоғары соттан кейін шағымданатын орын жоқ деп санайды. Олай емес, біздің елімізде Конституциялық сот бар, – деді Бауыржан Ілімшеұлы.

Жиында қоғамдық кеңестің мүшелері Абдулла Ахметов, Исмаил Шалабаев, Ербол Жолбарысов Жолдауда көтерілген тек саяси ғана емес, экономикалық мәселелерге, Президент берген тапсырмаларға тоқталып өтті. Олардың айтуынша, бүгінде мемлекетіміз демократияның даңғыл жолына түсіп, елімізде әлеуметтік салаға да баса назар аударылуда.

Кездесуде жер қатынастары, салық жүйесіндегі жаңашылдықтар да сөз болып, шағын және орта бизнеске салық салуға дифференциялы түрде келу керек. Жақсы жұмыс істеп, ел экономикасына үлес қосып жүрген, табыс тауып, қызметкерлеріне жақсы жалақы төлейтін кәсіпкерлік нысандарына жеңілдік берген дұрыс деп санайды қоғамдық кеңес мүшесі. Сөз барысында тиімді әрі заң талабын мүлтіксіз орындайтын кәсіпкерлерге индустриалды аймақтардағы жер учаскелерінің бір бөлігін жеке меншікке де беруге болатыны туралы пікірлер айтылды.

– Мемлекетіміздің басты құндылығы – адам және оның өмірі. Дегенмен, өкінішке қарай, бүгінгі таңда денсаулық сақтау қызметі көрсетілмейтін ауылдар да бар. Алдағы 2-3 жылда бізге фельшерлік-акушерлік пункттер құрып, ауылдағы ағайын алысқа сандалмайтындай жағдай жасау керек, – деді Бауыржан Әлтеев.
Сонымен қатар жиында еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері де талқыланды. Айтқандай, оның көлемі 2023 жылы 70 мың теңге болады. Және мұнымен тоқтамайды десті. Сонда жаңалықтарда жарыса жазып, «сүйіншілеп» 370000 теңге орташа жалақы дегенді министрлер қайдан алды деген заңды сұрақ туындайды? Әрине, өкінішке орай кейде жалған ақпараттар тарап, жалған көрсеткіштің соңынан кететініміз жасырын емес…Сондай ақ, қоғамдық кеңес мүшелерінің жиынға қатысқан топтарының ғана емес, қоғамның назарындағы әлеуметтік сала бақылаудан түскен емес.

Смарт топ АА

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

smarttop

ЛИТВАДАН КЕЛГЕН ДӘРІГЕРДЕН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

smarttop

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫҢ АЛДЫНА ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ САЛЫНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру