13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Республикалық челлендж

«Тәуелсіздік» саябағында қала жастары «Мен елімді сүйемін» акциясын өткізілді.  Шымкент қаласындағы студенттердің Отанға деген құрметтілікпен табылады.

«Отанды сүю – өркениеттің белгісі»,- деп елбасымыз айтқандай Отанымызды сүюіміз қажет. Туған жерім,құтты мекенім – Қазақстан болып табылады.Қазақстан – дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттер қатарында. Ол дүниежүзінде үлкендігі бойынша тоғызыншы орында. Туған жер — адам өмірінде киелі орын алады. Жалпы айтқанда, туған жер адамның болашағы мен өткенін байланыстырады. Міне, сондықтан да, тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар , татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер және т.б. еңбектенуде. Бұл қазақ жерінің жомарттылығын, осындай ақкөңілдігін байқауға болыды. Сондықтан, татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы болып табылады.

Акция Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, саяси шешімдерін қолдау, жастар арасында насихаттауды мақсат еткен. Жиналған жастар еліміздің жалаушаларын қала тұрғындарына, қонақтарына таратып, викториналық сұрақтар қойды.

— Еліміздің жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы тиіс. Қазақстанның жарқын болашағы – біздің, қазақ жастарының қолында!, — деді орталық басшысы Мағжан Исахов.

Қалалық Жастар ресурстық орталығы Жолдауды жүзеге асыруда ЖОО студенттеріне арнайы кездесулер ұйымдастыруда. Қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, ғылым, білім саласында жетістікке жеткен азаматтар өз тәжірибелерімен бөлісуде.
#ЕлімніңЕртеңінеСенемін

Ұқсас ақпараттар

ОҢ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ҚОРТЫНДЫСЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

smarttop

МИНИСТР ШЫМКЕНТТІҢ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

smarttop

Пікір қалдыру