17.3 C
Шымкент
Суббота, 19 апреля, 2025
Smarttop.kz

Ордабасыда жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталып, жауапқа тартылуда

Жол қозғалысы ережесін сақтау, жол апаттарының алдын алу мақсатында Ордабасы ауданында бірқатар ауқымды шаралар іске асырылуда. Мәселен Түркістан облысы Патрульдік полиция батальоны мен аудан полицейлері бірлесіп, «Шымкент-Бадам-Арыс» тас жолы бойында дрон кешенді жүйесі мен «КРИС П» жол жүрісін өлшеуіш құрылғысын пайдалана отырып, рейд жасады. Нәтижесінде әуеге ұшырылған дрон жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шыққан 4 жүргізушіні анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 2- бөлігімен «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» әкімшілік шара көрілді. Ал «КРИС П» көмегімен 33 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жүргізушілері тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтсақ, ауыл көшелерінің бірінде ішімдік ішіп, автокөлік басқарған «НИВА» маркалы көлік жүргізушісі анықталды. Жүргізуші осы теріс әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» жауапқа тартылып, автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Ұқсас ақпараттар

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 72 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: «ТҰРАН СУДЫҢ» ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН МАМАНДАРЫ БАТЫСТА ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БӨГЕТІН НЫҒАЙТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру