Спорт – денсаулық кепілі. Салауатты өмір салтын ұстану бәріміздің міндетіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын жақсарту мәселесіне айрықша назар аударған болатын. Бүгінде қайырымды қаламызда бұқаралық спортты дамытумен қатар, жоғары спорт шеберлігін одан әрі жетілдіру жұмыстары қолға алынып, спорт саласына барынша қолдау көрсетілуде. Осындай байрақты бәсекелерге қатысып жүрген жас спортшыларымыз алдағы уақытта әлемдік ареналарда топ жаратынына сеніміміз мол.Спорттың барлық түрлеріне қолайлы жағдайлар жасау мақсатында алдағы уақытта заманауи жеңіл атлетика стадионы, бокс орталығы, шаңғы базасы және басқа да спорттық объектілер қолданысқа беріледі.Бүгінгі турнирге қаламыздың командаларынан басқа Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғыстанның футбол командалары қатысып отыр.Бүгінгі турнирдің ашылуымен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын! Барлық қатысушыларға мықты денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер тілеймін»,деді қала әкімі М. Әйтенов.
Шым шаһарда қазақ күресінен Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған Републикалық турнир басталды. Оған еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық жас балуан қатысуда.
Қазақ күресінен ең ірі жарыс алғаш рет 1938 жылы өткізілген. Содан бері Республика аумағында дәстүрлі түрде тұрақты өткізіліп келе жатқан сайыс Шымкентте де ұйымдастырылып отыр.
Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов турнирде сөз алып, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қажымұқан сынды балуан бабалардан үлгі алған жастарға “Күреспен қатар білім алуға, ғылым үйренуге де шақырамын, шын батырдың күші білегінде емес – жүрегінде, жаман мінезінде емес – мейірімділігінде”-деді.
Күш пен білімді қатар алуға үндеген қала басшысы турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының атын республика көлемінде ғана емес, халықаралық аренада танытып жүрген футболшы аруларға алғысын білдіріп, Қазақстан чемпионатының кубогін салтанатты жағдайда табыс етті.