7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНЫП, КӘСІП КӨЗІН ТАПҚАН

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында берілетін бұл гранттарға үміткер атанғысы келетін азамат төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы тиіс. Олар: еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар, қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар, өңіраралық қоныс аударушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақыны алушылар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдар, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар және жастар. Сол кісілердің бірі- Гаухар Сапарбайқызы. Қайтарымсыз грант иегері атану арқылы өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Ою өрнек және қазақилықтың иісін шығарған, осы орайда қаражатты оңтайлы  кәсіпте жеткізе білу де өнер.

Қазақи нақыштағы ою өрнекпен көмкерілген — қыз жасауы. Бұл Шымкенттік Гаухар Сапарбайқызының қолынан шыққан туындылар. Көп балалы ана 2022 жылдың мамыр айында мемлекеттен берілетін қайтарымсыз гранттың иегері атанған.
Грант қаражатын алған соң үш түрлі тігін машинесін алып, қыз жасауына тапсырыс қабылдауды бастаған. Қазіргі заманға сай әртүрлі сәндік үлгіде, қыздарға арналған көрпе-төсек, жабындылар жасап, көптің алғысын алып жүр. Гауһар Сапарқызының айтуынша қазір қазақи нақыштағы ою өрнекпен тапсырыс берушілер көп.
«Көздің майын алатын кәсіпті, шын ынта-жігермен жасасаң тапсырыс берушінің көңілінен шығары анық. Жасаған жұмысыма қарай тапқан табысыма да көңілім толады. Берекесін берсін деп, келушілерден тек алғыс алуды, көңілінен шығуды қалаймын»,- дейді тігінші.
Ұлттық дәстүрге сай салтымызды насихаттап жүрген азаматша, мемлекеттік қолдаудың арғасында өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Ұқсас ақпараттар

АКИМ ГОРОДА ОЗНАКОМИЛСЯ СО СТРОИТЕЛЬСТВОМ ДОРОГ

smarttop

БАСТЫ МАҚСАТ – АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ

smarttop

МАЛ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру