Ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан аумағында су басу қауіпі бар аумақтарда әкімшілік қызметкерлері мен мердігер мекемелерден арнайы кезекші бригадалар ұйымдастырылды.
Енбекші ауданында құрылған кезекші топ аудан аумағындағы Дизельный, 1Автожол көпірдің асты, Ата заң, Новостройка, Сиреневый, Таукехан-Сайрам көш.қиылысы, Арғынбеков, К.Мамбетов, Т.Рысқұлов, «Север» ш/а, және «Евразия» базарының алдын арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмысын жүргізіп жатыр.
Бұл жұмыстарға «Жасыл-Жер» ЖШС арнайы 7 техникасы, 3 мотопомпа, 1электронасос, 14 жұмысшы жұмылдырылған.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерде су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда. Су арналарының толып қалған нүктелерін тазалауда. Аудан бойынша халық қауіпсіздігін су арналарын тексерулер жүруде.
Толассыз жаңбырдан жиналған жауын суы дер кезінде тазалануда. 2022 жылғы 29-30 қазандағы жауын-шашын салдарынан Қаратау ауданы аумағында су алудың қауіпі бар аумақтарда Қаратау ауданы әкімі аппараты мен төтенше жағдайлар басқармасының кезекшілері жұмыла жұмыс атқаруда.
Атап айтқанда, Ақжайық шағынауданы Еділбаев көшесі, Тассай т/а Атбасар көшесінде су жиналып тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, басқа су басу қаупі бар аумақтар (Нұртас шағынауданы Шұғыла көшесі, Бозарық 2 Адыраспан көшесі, Қайнарбұлақ т/а жаңақұрылыс, Бозарық 3 Ақбілек көшесі, Бозарық ш/а Жосалы көшесі, Тассай тұрғын алабы Әуезов көшелері, Тұран ш/а жаңақұрылыс амағы, Қайнарбұлақ т/а жаңақұрылыс аумағы)тұрақты бақылауда.
Бұл жұмыстарға арнайы «Жаңа арна 2022» ЖШС тарапынан 15 техника, су сорғыш құралдар, 4 мотопомпа және 50-ге жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.