17.3 C
Шымкент
Суббота, 19 апреля, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

Биылғы жылы қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жалпы 1000 бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның 800-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арналған болса, 200 — і сергек – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Қазіргі кезде қала аумағында 3 бірдей жылжымалы фоторадарлық жиынтығы жұмыс істеуде. Ерекшелігі сол, жылжымалы фоторадардың қай жерге қойылатынын алдын ала ешкім білмейді. Өйткені полицейлер оның орнын жиі-жиі ауыстырып отырады. Тіпті қондырғы жанында тәртіп сақшысы мен арнайы белгі де болмайды.
Жалпы, қала мен елдімекен аумағында негізгі жылдамдық мөлшері 60-тан аспауы тиіс. Алайда көлік жүргізушілер бұл заңдылықты ұдайы сақтай бермейді. «Бұл тұрғыда, жаңадан алынған қондырғы осындай заң бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді», – дейді тәртіп сақшылары. Қазірдің өзінде орталық көшеде қозғалыс реттеліп қалған. Жолдағы құқық бұзушылықты түгелдей түсіріп алатын жылжымалы фоторадар жеңіл әрі тез құрастырылады. Сондықтан алып жүруге оңай. Оған қоса оны 1,5 шақырымда отырып ноутбуктың көмегімен бақылауға болады. Қондырғы қолайсыз ауа райын да талғамайды. Әрі тәулік бойы жұмыс істейді. Шымкент қаласы бойынша  жасалған қауіпсіздік шаралары бойынша  жасалған шаралар ең басты назарда. Тұрғындардың басты тыныштығы осы  орайда  жасалған бейнебақылаулармен қамтылуда.
Бүгінде қала аумағындағы бейнебақылау камера саны 2020 жылығымен салыстырғанда 3 есеге артып, қосымша автоматтындырылған 32 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде қылмыстық оқиғалардың орын алу көрсеткіші 15,3 %-ға азайған.
Естеріңізге сала кетейік, қала әкімінің жіті бақылауындағы
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шымкентте 2020 жылы 3 153, ал былтыр 3 177 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Ұқсас ақпараттар

«ГРАМАД» САУДА ЖЕЛІСІНІҢ ЖАҢА ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

smarttop

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ҚУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАТЫН АРНАЙЫ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ КОЛЛЕКТОР АПАТЫНАН БАСПАНАСЫ ЗАРДАП ШЕККЕН ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру