16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ БІР АПТАДА 200 ТОННА КҮЛ-ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Соңғы бір аптада Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Жаңа шек, Бозарық, Чинат-1, Ынтымақ, Қос-диірмен каналдарына және Қошқар-ата мен Қарасу өзендеріне тазалау, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Күз, қыс айларындағы жауын-шашын әсерінен судың канал мөлшерінен асып, тасу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізілді.Негізінен қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау ұйымдастырылған аумақтарда қоқыс бей-берекет тасталмауы тиіс. Алайда, тазалық компаниялары тұрғын үйлердің есігінің не ауласының алдынан күн сайын алып кетіп жатса да қоқыстан арылмайтын аумақтар жетерлік.

Шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, көктем және күзде сенбіліктер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жалпықалалық тазалық іс-шарасы әлеуметтік желі арқылы алдын ала хабарланады. Бірақ, тұрғындардың белсенділігі төмен. «Әсіресе, сенбілікке қатысуға ниет білдіретін көпқабатты үйлердің тұрғындары көп емес. Дегенмен шашылған қоқыстарды әлеуметтік желіге суретке түсіріп салып, шағым жазғандар қарасы көп. Сөзге бар, іске келгенде көлденең жатқан бір пакетті көтеруге қиналады. Бұл бағытта да аудан мамандарымен бірлесіп көпқабатты үйлердің ауласында жиналыс өткізіп жүрміз. Үй басқарушылары мен тұрғындардың басын қосып ауладағы қалыптасқан жағдайды бірлесіп ретке келтіруге шақырамыз. «Аулаларыңызды таза ұстаңыздар, қоқысты бей-берекет тастамаңыздар» деп түсіндіреміз», — дейді Б.Балтабайұлы атқарып жүрген жұмысының бір парасымен бөлісіп.
“А-III group” мердігер мекемесіне басқарма тарапынан тапсырма беріліп, тазалау жұмыстарына 40 қызметкер мен 4 камаз, 2 экскаватор жалпы саны 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде каналдар мен өзен бойлары 200 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды.
Құрметті, Шым қала тұрғындары!
Сіздерді каналдар мен өзендерге қоқыс тастамауға шақырамыз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

smarttop

ӘДІЛЕТТІ, ӘРІ АШЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

smarttop

Полицейлер көші-қон заңын бұзған 1000-ға тарта азаматты анықтап, 79 шетелдікті елден аластатты

smarttop

Пікір қалдыру