9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Мемлекет қамқорлығына кірген қандастар

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр.

Мұнда тарихи Отанына оралған қандастарымыз 6 ай мерзімінде тегін тұрып, ақысыз қызмет түрлерін пайдалана алады. Орталықта бүгінде 8 отбасы 27 қандас бейімделуде. Оның 15-сі — балалар, 12-ы — ересектер. Қызмет алушылар үшін- асхана, демалатын бөлме және арнайы оқу бөлмесі қарастырылған.

Қандастарға 6 түрлі кіші кәсіптік мамандық (аспазшы, кондитер, есеп және аудит, электрик, тігінші, газэлектродәнекерлеуші) және қазақ тілі, орыс тілі, ҚР Заңнамасы, ҚР тарихы, этно-педагогика (әдет-ғұрып), халық педагогикасындағы отбасылық тәрбие сынды 6 пәндік дәрістер қалаулары бойынша оқытылады.

Қандас мәртебесін алу немесе ұзарту, сондай-ақ қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті жергілікті атқарушы органдарда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде беруге болады.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы ел үкіметі бекіткен өңірлерге – Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына бөлінеді.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша 9 077 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 96,9 мың этникалық қазақ оралған.

Сондай-ақ, жеке меншік оқу орталықтарымен жасалған әріптестік байланыс аясында, 5-17 жас аралығындағы балалар, «Шешендік өнер», «Зергерлік өнер», «Шахмат», «Домбыра»,»Биссермен өру», үйірмелеріне тегін қатысуға мүмкіндік алған.

Ал, ұжым қызметкерлерінің атсалысумен орталыққа «Отбасы банк» кеңесшілері келіп, тұрғын үй жайлы ақпараттар ұсынып, нәтижесінде 5 қандас өз депозиттерін ашқан.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, тұрақты түрде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, атажұртына оралған қандастарымыз мәдениет ошақтарына және тарихы қасиетті орындарға жиі барып, ұлттық салт-дәстүрімізбен етене танысуда.

Айта кетейік, орталыққа 2008 жылдан қазіргі таңға дейін 789 отбасы, 2216 қандас келіп бейімдеу қызметтерін пайдаланып, 1060 қандас кіші кәсіптік мамандық алып шыққан.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Полицейлер жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен ер адамды анықтады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕЛЕРДІ, ТРОТУАРЛАР МЕН АРЫҚТАРДЫ ТАЗАЛАУ КЕСТЕ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру