10.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ  «БОЛАШАҚ-7-ДЕ» БОЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов “Болашақ-7” өндіріс ошағын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Аталған зауыт “Бизнестің Жол Картасы -2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан бой көтерген. Қазіргі таңда мұнда айына 34 473 600 дана энергетикалық сусын мен шырындардың түр-түрі шығарылуда.
Құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған зауыт соңғы заманауи қондырғылармен жабдықталған. 37 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Өнімге пайдаланылатын шикізаттың 80 пайызы өз елімізде өндіріледі. Зауыттың сусын өндіру саласындағы тәжірибесі 25 жылға жуықтайды.
“Болашақ-7” ЖШС өнімін Қазақстан нарығына сатудан бөлек, Қырғызстан мен Өзбекстанға экспорттауда.
Зауыт басшылығы өнім көлемін қазіргісінен де арттырып, кеңеюді көздеп отыр. Бұл бастамасын қолдаған қала әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шымкентте қала күні мерекесі қарсаңында қорғаныс киімдері мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын «Экофарм» өндіріс орны іске қосылды. Жаңа мекеменің ресми ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. Ол өз сөзінде Шымкенттің республикалық маңызы бар қала статусын алған 4 жыл мерзімінде қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы артып, инвестиция тарту бойынша республикадағы үздік қалалар қатарында екендігін айтып өтті.

Қазіргі таңда «Тассай» индустриалды аймағында жалпы инвестициялық құны 45 млрд. теңгені құрайтын 37 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі жоба қаланың экономикалық өркендеуі мен медициналық бұйым өндірісі саласында жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлкен серпін бермек. 3,4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймағынан 1,25 гектар жер телімін ұзақ мерзімге жалға алып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған. Бұл өндіріс 150 адамды жұмыспен қамтиды. Заманауи технологиялармен жабдықталған мекеменің жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрін, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығаруға қауқарлы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ БИЗНЕС ЖҮРГІЗУГЕ ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

smarttop

«AVTOBYS» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА КӨЛІК КАРТАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

73 МНОГОЭТАЖНЫХ ЖИЛЫХ ДОМА ПОСТРОЯТ В ЭТОМ ГОДУ В ШЫМКЕНТЕ

smarttop

Пікір қалдыру