16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

КӨШЕЛЕР РЕТТІЛІГІМЕН ЖАҚСАРЫП КЕЛУДЕ

Абай ауданына қарасты Игілік тұрғын алабында тұрғындар жүріп, тұратын дұрыс жол болмаған екі көше бар болатын. Бүгінде ұзындығы 1 шақырымды құрайтын 2 көшеге асфальт жабындысы төселді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл жерде бұрын соңды жол болмаған. Олар қала әкімімен кездесуде осы мәселені көтерген болатын. Нәтижесінде қала әкімінің 2021-2025 жылдарға бекіткен іс-шара жоспарына еніп, былтардан бері аталған тұрғын алаптың барлық көшелері кезең-кезеңімен ретке келтірілуде.
Сонымен қатар, Сергелі, Шеңгелді, Беріктас, Бабата, Атауы жоқ 32,33,34,35 көшелерінде де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал Игілік тұрғын алабында ағымдағы жылы жалпы 6,8 шақырым жолға асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жоспарланған.
Негізінен, биыл бекітілген жоспарға сәйкес, қаламыздың магистралды көшелерінен бөлек ішкі орам көшелерге көбірек көңіл бөлінуде. Нақтарақ айтсақ, 167 нысанда немесе 308 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда 163 нысан 303 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Оның ішінде магистральды 10 көше: Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, к. Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев көшелері бар.

Басқа жаңалықтардмен бөлісе отырайық, жуырда қалалық мәслихат депутаттары тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауында қаладағы шағынаудандар мен көшелерге атау беру және қайта атау мәселесі қараған болатын. Көпшілік тыңдауда туындаған сауалдарға Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы Сәкен Әбдіжаппар баспасөз брифингінде жауап берді.С.Сәкенұлының айтуынша, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысының нормаларына сәйкес Шымкент қалалық мәслихаты тарапынан өткізілген көпшілік тыңдауға 24 шағын-аудан және 361 көшеге атау беру, қайта атау бойынша ұсыныс енгізілген. Оның ішінде 305 атауы жоқ, 28 атауы қайталанатын, моральдық тұрғыдан ескірген 28 көше бар.

Қала аумағына кейіннен қосылған 40 елдімекенде атауы бірдей Ә.Молдағулова, М.Мәметова, А.Құнанбаев, Ю.Гагарин көшелері анықталған. Халық қалаулыларының жалпы тыңдалымында аталған көшелерге қайта атау беру мәселесіне қатысты ұсыныстар қаралған. Мысалы, Абай ауданына қарасты Игілік тұрғын алабындағы Ю.Гагарин көшесін – Айсакөл, ал Еңбекші ауданы Жұлдыз тұрғын алабындағы Ю.Гагарин көшесін – Асубұлақ деп өзгерту енгізуді ұсынған.

Сондай-ақ, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары әкімдіктері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көше тұрғындарымен келісіліп, хаттамасы түзілгенін айтады. Ал былтыр 280 көшеге қайта атау берілген. Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында барлығы 97 шағынаудан, 2129 көше бар.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен ер адамды анықтады

smarttop

«МЕНІҢ ГҮЛДІ АУЛАМ» КОНКУРСЫ❗️❗️❗

smarttop

«ШЫМҚАЛА» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНДЕ САМАУЫРЫНДАР КОЛЛЕКЦИЯЛАРЫНАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру