7.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Шымкент қаласының экологиялық жағдайына шолу

Бүгінгі күнге, 735 объектінің санаты айқындалды, оның ішінде 1 санатқа – 29 (бұрын — 82),    2 санатқа – 86 (110), 3 санатқа – 364 (200), 4 санатқа 262 (600 ден астам) объект жатқызылды (1- слайд).

Сонымен бірге, жаңа талаптар бойынша 1 және 2 санаттардағы кәсіпорындар ғана экологиялық рұқсат алады, ал  3 санаттар тек әсер ету декларациясын тапсырады, 4 санаттар мүлдем экологиялық реттеуден босатылады. Яғни, ҚР Салық кодексіне де тиісті өзгерістер енгізіліп, қоршаған ортаға эмиссия үшін бюджетке төлемдер жасамайды. Бұрын барлық санаттар рұқсат алып, төлемдер жасайтын.

Енді, Шымкент қаласының экологиялық жағдайына тоқталып өтсем.  Ауаның ластану 4 деңгеймен сипатталады: ластанудың өте жоғары деңгейі,  жоғары деңгейі, көтеріңкі деңгейі және төменгі деңгейі.

Казгидромет РМК –ның ауа ластануын 17 ластаушы зат бойынша  бақылайтын    6 бақылау тірегі бар.

2022 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша  Шымкент қаласы көтеріңкі деңгейде тұр (2- слайд).

Статистикалық мәліметке сәйкес 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін тұрақты көздерден ауаға ластаушы заттардың шығарындылар көлемі  33,41 мыңнан  29,55 мың тоннаға дейін төмендеуі байқалса, 2021 жылы шығарындылар: 33,16 мың тонна дейін көтерілген (3- слайд). Бұл жағдайды біз пандемиядан кәсіпорындардың толық куатқа шығуымен және жаңадан өндірістердің іске қосылуымен байланыстырып отырмыз.

Жалпы,  Департаментпен 2022  жылдың 10 айында 43 тексеру жүргізілді.  173 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 57 млн теңгеден астам айыппұл салынды (Өндірілді  — 54 млн теңге).

Өткен жылдың 10 айында  21 тексеру жүргізілген. Жалпы сомасы 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.  Яғни, тексеру 2 есеге жуық, айыппұл сомасы  7 есе артқан (4 слайд).

Өздеріңіз көріп тұрғандай, 2022 жылы кәсіпорындардың жұмысына арыз шағымдар саны 2 есеге жуық көбейген. Тіркелген арыз – шағымдардың басым бөлігі «Оңтүстік» индустриалды аймақтағы және «Ордабасы» жекеменшік индустриалды аймағында шоғырланған кәсіпорындар бойынша түсуде.

Атап айтқанда, 2021 жылы индустриалды аймақта 8 кәсіпорынға  тексеру жүргізіліп, жалпы сомасы 7 млн теңгеден астам 12 әкімшілік айыппұл салынса, 2022 жылдың 10 айында 18 кәсіпорын тексеріліп, жалпы сомасы 36 млн теңгеден астам 42 әкімшілік айыппұл салынды (5-слайд).

Тексеру барысында анықталған негізгі бұзушылықтар,  ол: экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеу, ластаушы заттарды тазалалау қондырғыларсыз, фильтрлерсіз тыс ауаға тастау, рұқсаттарда ескерілмеген қосымша ластау көздерін пайдалану және белгіленген мөлшерден жоғары көлемде ластаушы заттарды ауаға тастау болып табылады. Аталған бұзушылықтар қаладағы ауа сапасының төмендеуіне әкеліп соқтыруда.

Ұқсас ақпараттар

«ОРДАБАСЫ» – ҚАЗАҚСТАН КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

smarttop

Корей этносының мәдениеті күні іс-шарасы өтті

smarttop

ШЫҢҒЫС МҰҚАН ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру