12.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан қаласында мүгедектікке шығарып беремін деп алаяқтық жасаған әйел ұсталды

Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін иемдену болып табылады. Алаяқтық қоғамның басты дерті. Десек те облыс полицейлері алаяқтық қылмысының алдын алу, болдырмау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде. Мәселен Түркістан қаласында 2021 жылдың 4 айында алаяқтық қылмысы бойынша 131 қылмыс тіркелсе, 2022 жылдың 4 айында 104 қылмыс тіркеуге алынған.
Мысалы Түркістан ҚПБ-ға жәбірленуші әйел арызданып, алаяққа алданғанын жеткізді. Оның айтуынша танысы немересін мүгедектікке шығарып беремін деп, 300 000 теңге ақшасын алған. Арада бірнеше ай өткенмен алаяқ ақшасын қайтармаған. Аталған қылмыстық істі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.
Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті әйел сол күні ұсталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, орта жастағы алаяқ әйел оңай жолмен ақша табу мақсатында, осындай әрекетке барған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына кез келген жанға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды, күмәнді қызмет ұсынатын адамдардан сақ болуыңызды ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

М.ӘЙТЕНОВ: ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІСТІК АЛАҢДАР САНЫ АРТАДЫ

smarttop

Іскер капитан – Жанна

smarttop

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІНІҢ ӨСІМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

smarttop

Пікір қалдыру