Әлеуметтік және зайырлы қоғамның басты міндеті – ерекше жағдайдағы азаматтар мен балаларға қолдау көрсету. Қаламызда мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту мақсатында – «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс жасайды. «Елімізде түрлі әлеуметтік қиындыққа тап болған азаматтарға көмек көрсетеді» екен. «Аялы алақан» шығармашылық ұжымы қиын жағдайға тап болған кейіпкерлерді арнайы іздеп, тауып, олардың оқиғасын хабарда баяндап, сол арқылы оларға көмек беруге талпынады.
Орталық — арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және тірек қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызметтер көрсеті. Туа сала тағдыр тауқыметін тартқан мұндай жеткіншектер ата-ана мен арнайы мамандардың көмегіне мұқтаж. Сол себепті, мұндай орталықтар балаларға көмек көрсетіп, өсіп-дамуына септігін тигізеді.
Қазіргі таңда орталықта 110 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде.
Оның ішінде:
Психоневрологиялық ауытқуы бар қызмет алушылар – 27;
Тірек-қимыл аппараты бұзылған қызмет алушылар саны – 83 болса,
Өздігінен жүретін қызмет алушылар – 36;
Сүйемелдеумен жүретін қызмет алушылар – 25;
Мүгедек арбамен жүретін қызмет алушылар саны – 49.
Ұл бала – 73;
Қыз бала -37.
— Әлеуметтік және зайырлы қоғамның басты міндеті – ерекше жағдайдағы азаматтар мен балаларға қолдау көрсету. Осыған орай бүгін мүгедек балаларды оңалту орталығының жаңа ғимаратын пайдалануға беріп отырмыз. Мұнда ерекше жағдайдағы балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіледі. Орталықта стационар жағдайда 40-қа жуық балаға қызмет көрсетеді, — деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова.