25.3 C
Шымкент
Суббота, 26 июля, 2025
Smarttop.kz

АЛҒАШ РЕТ БҮЙРЕКТЕГІ ЭХИНОКОКК КИСТАСЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері алғаш рет бүйректегі эхинококк кистасына лапароскопиялық әдіспен операция жасады.
Тіліксіз ота кезінде дәрігерлер 17 жастағы науқастың бүйрегінің жоғарғы полюсынан шамамен 5,0*6,0 см кистозды массаны алды.
Қалалық балалар клиникалық ауруханасына 2003 жылғы науқас сол жақ бел аймағындағы ауырсыну, әлсіздік туралы шағымдармен жоспарлы түрде хирургия бөліміне жатқызылды. Анамнезде балаға 2020 жылдың ақпан айында бауырдағы эхинококк кистасына операция жасалғаны анықталды.
Науқас осы отадан кейін диспансерлік бақылауға алынып, жылына 2 рет жоспарлы тексеруден өтіп тұрған. Соңғы 1 ай шамасында жоғарыда аталған шағымдардың мазалауына байланысты іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі және іштің МРТ сканері жасалды.
Тексеру барысында сол жақ бүйректің кисталық түзілісі анықталды. Қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирург дәрігерлерінің тексеруінен кейін жоспарлы ота жасалуының қажеттілігі туралы кеңес берілді. Науқасқа сол жақ бүйректің лапароскопиялық эхинококкэктомиясы отасы жасалды. Ота кезінде сол жақ бүйректің жоғарғы полюсінде шамамен 5,0*6,0 см кистозды түзіліс анықталды. Эхинококк кистасының қабырғасы ашылып, хитинді қабықшасы лапароскопиялық жолмен алынып тасталды,-дейді ота жасаған хирург Әкім Түлкібаев.
Операция сәтті өткен. Пациенттің өміріне келер қауіп жоқ. Араға 1 апта салып ота жасалған науқас үйіне шығарылған. Қазіргі жағдайы жақсы.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Қанат Серікұлы ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды

smarttop

ИНВЕСТ ШТАБТА 10 ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

QAZAQSTAN LIVE FEST 2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ШЫМКЕНТ ТУРИЗМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру