9.3 C
Шымкент
Четверг, 23 октября, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА МӘДЕНИ КЛУБТАР ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ САЛЫНДЫ

Мәдениет үйі – қаншама адамға ізгілік дәнін сеуіп, өнерді сүюге тәрбиелейді.
Сондай-ақ, бүгінде уақыт, қоғам басқа дегенмен, мәдениет клубтарының орны бәрібір бөлек екендігін түсіну керек. Сондықтан Шымкентте қала аумағында тозығы жеткен мәдени клубтар бұзылып, жаңа нысандар салынды.
Атап айтсақ, Абай ауданы Көкбұлақ тұрғын алабындағы «Көкбұлақ клубы», Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы «Қайнарбұлақ клубы», Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабындағы «Қаратөбе клубы», Қаратау ауданы Өтеміс тұрғын алабындағы «Өтеміс клубы» заманауи үлгіде бой көтерді.
Сонымен бірге мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында 5 мәдениет үйі және 5 клуб ғимараты штатымен қоса аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізілуде.
Сондай-ақ, биыл Тоғыс тұрғын алабында орналасқан 350 орындық «Қазығұрт» мәдениет үйі жеке меншіктен мемлекет меншігіне ақысыз негізде берілді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Ал жуырда пайдалануға берілген жаңа Конгресс холл ғимаратына «Шымкент концерт» ұйымы (филармония) орналасты.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫНА 350 АЗАМАТ ӨТІНІШ БІЛДІРДІ

smarttop

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САЯБАҚТА САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

СЕНАТ «ҚАЗТРАНСГАЗ» МЕКЕМЕСІНЕ «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУГЕ КҮШ САЛУДЫ АЙТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру