13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 40 МЫҢ ШАРШЫ МЕТРГЕ ҚЫЗҒАЛДАҚ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Биыл қала аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 млн дана қызғалдақ гүлі егілді. Отырғызылған гүлдердің жалпы аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды. Affaire, Albatros, Avant Garde голландиялық қызғалдақ түрлері айналма жолдарға, Бәйдібек Би, Назарбаев, Қабанбай батыр даңғылдарына, №1 Автожол, Гагарин көшесі мен магистралды көшелердің жол жиектеріне, бұрылыстар мен жол айрықтарына отырғызылды. «Қазақстанда қызғалдақтардың 18 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Олар сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлеріне жатады.

Қызғалдақ гүлін отырғызу үшін өзеннің таза құмы, шымтезек, құм мен шемтезектің қоспасы, өзен құмы мен топырағының қоспасы субстрат бола алады.Оларды салқын бөлмеден үйге немесе жылыжайға әкелгеннен кейін 10-12 күн өткен соң, 10 литр суға 40 грамм калий сульфатын және 20 грамм аммиак селитрасын қосып оларды қоректендіруге болады.1 ыдысқа гүлдің 1 түрін ғана отырғызған дұрыс.Ыдыстың 3/2 дейін дайындап алған топырақты салып, арасын 1,5-2 сантиметр етіп отырғызады. Одан соң бетіне топырақты толтырып салады.Содан соң баданаларды жақсылап суарып, температурасы 5-9°С қараңғы, ылғалы мол жерге қойып, аптасына 2 рет суарып отырады.Өсімдік 16-22 аптада (сұрпына қарай) тамыр жайып, өсіп шығады.Сирек кездесетін өсімдік түрлеріне дұрыс қарамағаны үшін қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық жаза қарастырылған. Қоғамдық жұмыстарға немесе өте ауыр жазаға тартылады», – деп ескертті эколог. Қызғалдақтың отаны – Қазақ жері деп жалпылама айтамыз ғой. Нақтырақ айтсақ, Қазығұрт пен Түлкібастың арасы – көркем гүлдің нағыз туған мекені. Осы екі таудың қақ ортасында құлпырып қызғалдақ өсетін төбе бар. Қызғалдақ көмкерген шоқы бір кездері түрлі атаумен аталды. «Красная горка», кейіннен «Қызыл төбешік» десті жұрт.

Көгалдандыру шаралары Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы мен мемлекеттік — жекешелік әріптестік аясында жасалды.
Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ШЫРШАСЫ ЖАҒЫЛДЫ

smarttop

МӘСЛИХАТ ДЕРБЕСТІГІ АРТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру