16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ДЕНДРОСАЯБАҚҚА ҚҰС ҰЯЛАРЫН ОРНАТТЫ

Құстарға қамқорлық бастамасын Шымкент қаласының зоологиялық саябағы қолға алып отыр. Мұндай игі шара 1 сәуір — Халықаралық құстар күніне дайындық екен. Дендросаябаққа жиналған ерікті оқушылар құстардың ұяшығын ағаштарға орнатып шықты.
— Акция жыл сайын өткізіледі. Осы арқылы оқушылардың, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін көтеріп, қоршаған ортаға құрмет көрсетіп, табиғатты аялай білуге шақырамыз. Шымкент зоологиялық бағы білім басқармасына құстарға ұя жасау бойынша ұсыныс берген болатын. Нәтижесінде, оқушылардың қолымен жасалған 1000-ға жуық ұяшық жиналды. Оның 500-ге жуығын дендросаябақ пен зоологиялық баққа орнатамыз. Қазір қаладағы өзге саябақтарға да ұсыныс беріп жатырмыз. Қолдау тапса, ерікті жастардың көмегімен құс ұяшықтарын орнатуға дайынбыз, — деді Шымкент зообақтың биолог қызметкері Бағдат Әмзебекұлы.
Шымкенттік оқушылар әр жылы құстарға ұя жасау бастамасына белсенді қатысады. Биылдың өзінде 50 мектептің 1000-нан астам оқушысы өздері жасаған құс ұяларын табыстап, табиғатқа қамқорлығын білдіріпті. Олардың қатарында қаладағы №24 мектептің 9-сынып оқушысы Хангелдин Әлеуиддинов те бар.
—Құстарға ұя жасау акциясына осымен екінші жылы қатысып отырмын. Өз қолыммен жасаған ұяны ағашқа орнатып жатқанда ерекше қуаныш сезімін бастан өткіздім. Бұдан кейін де табиғатқа қамқорлық көрсетуге арналған акцияларда белсенділігімді жалғастырамын, — дейді жас табиғат жанашыры.

Ұқсас ақпараттар

Түлкібастық полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы 230-ға жуық құқық бұзушылықты анықтап, 9 автокөлікті айыптұраққа қойды

smarttop

Шымкенттік халықаралық олимпиада жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың марапатына ие болды

smarttop

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

smarttop

Пікір қалдыру