Smarttop.kz

АБАЙ АУДАНЫ: ТҰРҒЫНДАР БІРАУЫЗДАН НАУҚАНҒА ҚАТЫСЫП, НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАДЫ

Нұршуақ шағынауданы тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Сайлауда дауыс беріп, өз таңдауын жасап шыққан нұршуақтықтар «Армысың, әз Наурыз!» атты мерелік іс-шараға белсенді түрде қатысты.
Тұрғындар сол жерде дайындалған наурызкөжеден дәм татып, балалар алтабақан тепті. Жиналған жұртшылық арқан тартысып, қол күресінен сынға түсті. Өнерпаздардың концерттік бағдарламасы тойдың көркін қыздырды.
– Таң азанымен тұрып, учаскелік сайлауға бардық. Сайлау – маңызды шара. Біздің әрқайсымыздың даусымыз еліміздің ертеңін жарқын болашаққа бастайды. Ал жаңа партия, жаңа кандидаттардан халықтың үміті көп. Еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азаматтар сайланып, Отанымыздың абыройы асқақтай берсін.
Шағынаудан тұрғындары мерекенің өтуіне де ерекше атсалысып отыр. Бәрі бірауыздан науқанға қатысты, — дейді ауыл белсендісі Зибагүл Қосуақ.

Ұқсас ақпараттар

СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, ТӨМЕНДЕГІ НӨМЕРЛЕРГЕ ХАБАРЛАСАҢЫЗ

smarttop

Сайрамда жас әйел азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арызданды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНЕН ЖАҢАДАН 15 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру