1.3 C
Шымкент
Четверг, 22 января, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 269 АДАМҒА «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

Қалада жыл басынан бері 269 адам «қандас» мәртебесін алды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37 адамға артық.
Алыс-жақын шетелдерден көшіп келген тұрғындар «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығында 6 ай бойы мемлекеттік тілді үйреніп, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шаралары бойынша көмектер алады.
Осындай бейімдеу қызметтері қазір 50 шақты мүшесі бар 18 отбасыға көрсетілуде.
Айта кетейік, қоныс аударғандардың басым бөлігі — ТМД елдерінен. Өзбекстан Республикасынан — 260, Ресейден – 5, Қырғызстаннан – 1 және Қытайдан – 3 адам көшіп келген.
Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы төмендегі мекен жайда орналасқан. Орталық мамандарына көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.
📍Шымкент қаласы, Абай даңғылы 3Г
📲8 747 914 39 60

Ұқсас ақпараттар

SEN ЖАС ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН КҮРЕТАМЫР ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру